«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ШАРТЫ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ»  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ШАРТЫ

    2018 жылдың 26 ақпаны күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде  мектеп оқушыларының  құзыреттілігін дамыту мақсатында  эксперимент жұмысына қатысатын білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен бірге Алматы облысы, Жамбыл ауданында орналасқан Жамбыл Жабаев музей-үйіне экскурсия жүргізілді.

    «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» ұйымдастыруымен 2016-2019  жылдары аралығында Алматы облысындағы арнайы белгіленген білім беру мекемелерімен «Мәңгілік Ел»  құндылықтары – мектеп оқушыларының  құзыреттілігін дамыту шарты»  тақырыбында эксперимент жұмыстары өткізілуде.

     Эксперимент жұмысының жетекшісі – институт директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Кенесбаев, кеңесшісі – директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина, үйлестірушісі  – Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Майра Валиева. 

    Ғылыми-зерттеу базасындағы эксперимент жұмысы жүргізілетін мектептер: Еңбекшіқазақ ауданы Т.Рысқұлов ат.ОМ; Жамбыл ауданы Т.Рысқұлов ат. ОМ, Мыңбаев ат. ОМ; Іле ауданы М.Мақатаев ат. №13 ОМ; Панфилов ауданы А.Розыбакиев ат. ОМ, Б.Назым ат. ОМ, Ават ОМ; Райымбек ауданы Албан Асан Барманбекұлы ат. ОМГ; Талғар ауданы №28 ОМ,  №35 ОМГ; Ұйғыр ауданы Құдайбергенов ат. №2 ОМ; Шарын қазақ ОМ; Қапшағай қаласы №3 ОМ.

  
     Экскурсия жұмысы барысында қатысушылар Жамбыл Жабаевтың музей-үйіндегі жеке заттары, үкімет марапаттары, жәдігерлер, КСРО мен шетелдерде басылған ақын туындылары, сурет, мүсін мен графика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, кеңес әскерлерінің, еңбек ұжымдарының естелік сыйлықтары, фотографиялар, ақынның қоғамдық қызметі мен шығармашылық жолы туралы сыр шертетін басқа да музей экспонаттарымен танысты.

3.jpg6.png2.jpg1.jpg4.png5.png