ТжКБ инклюзивті білім берудің үздік педагогы

ТжКБ инклюзивті білім берудің үздік педагогы 

    Ағымдағы жылдың 18 қазаны күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамының жоспарына сәйкес «ТжКБ инклюзивті білім берудің үздік педагогы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

  Конкурстың мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыста ТжКБ ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, кәсіптік қызметте интерактивтік цифрлық технологияларды қолдануды жандандыру, үздік инклюзивтік білім беруді дамытуда  инновациялық тәжірибені жинақтау мен кеңінен тарату.

   Іс-шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Кенесбаев ашып, байқауға қатысушы педагогтарға сәттілік тіледі.

    «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, саясаттану ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина конкурстың мақсат-міндеті және қазылар алқасы құрамымен таныстырды.

   Қазылар алқасының шешімімен «Талдықорған политехникалық колледжінің» әлеуметтік педагогі Окбаева Айгуль Жумашевна бас жүлде иегері атанды және байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

   Озық инновациялық іс-тәжірибелерін ортаға салған қатысушылар байқаудың тартысты да  қызықты, өте әсерлі өткендігін жеткізді. Шара соңында жеңімпаздарға «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры Серік Кенесбаев арнайы Дипломдарды табыс етті.

6.png2.jpg1.jpg3.jpg4.png5.png