Педагогикалық оқу – тәжірибе алмасу алаңы

Педагогикалық оқу – тәжірибе алмасу алаңы

 

   2018 жылдың 31 қазаны күні«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Басқару және білім сапасы кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Іле ауданы, Түймебаев ауылындағы №20 мектеп базасында «Жаңартылған бағдарлама аясында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі»атты облыстық педагогикалық оқу өтті. Шараға«Өрлеу» «БАҰО» АҚ «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» оқытушылары, ғалымдар, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, мектеп басшылары (директорлар, директордың оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары), бастауыш сынып мұғалімдері, мектепалды даярлық топ/сынып педагогтары жалпы саны «147» педагог тікелей қатысты.


    Педагогикалық оқудың мақсаты –білімнің жаңартылған мазмұны жағдайында ғылым мен практикалық байланысы арқылы өзара тәжірибе  алмасу, әдістеменің тиімділігіне тұжырымдамалық ақпарат құру.

   «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы облыстық педагогикалық оқуды салтанатты түрде ашып, қатысушыларды жұмыстың мақсат-міндетімен таныстырды.

Педагогикалық оқу төмендегідей бес бағытта жүргізілді:

  • білім беру үдерісін жаңарту жағдайында басқарудың инновациялық амалдары;
  • бастауыш білім беруде инновациялық технологияларды қолдану жолдары;
  • бастауыш сыныпта пәндерді оқытуда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ерекшеліктері;
  • жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің ұйымдастырылуы;
  • білім берудің жаңаруы жағдайындағы мектепалды даярлықта педагогикалық үдерісті ұйымдастыру. 

      Шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Т.Қ.Ауелгазина қорытындылап, құнды әдістемелік тәжірибелерімен бөліскендері үшін қатысушыларға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, білімі мен біліктілігін жоғары деңгейде дәлелдеп, өзінің шығармашыл ұстаз екендігін танытқан педагогтарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, алғыс хат, сертификаттар табыс етілді.

 

Педагогикалық оқуға ұсынылдған материалдар жинақ түрінде http://www.orleu-almobl.kz  жарияланады.

 

 

 

 

Қарсыбаева Арай

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ»

 «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы

 

2.jpg5.png4.png1.jpg6.png3.jpg