«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланды

«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланды 

    Ағымдағы жылдың 2 қарашасы күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Шараға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының Құрметті профессоры Нұртілеу Иманғалиұлы және филиалдың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, курс тыңдаушылары қатысты.

     Жиынды «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.М.Кенесбаев ашып, конкурстың мақсаты ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру екендігіне тоқталды. Өз сөзінде Серік Мұқтарұлы: «Бұл байқауға Алматы облысы педагогтарынан барлығы – 158 бейне сабақтар келіп түсті. Оның ішінен техникалық талаптарға байланысты  іріктеуден  63 бейне-сабақ сараптама кеңесіне ұсынылды. Кеңес шешімі бойынша 57 бейне-сабақ үздік деп танылып, байқаудың Республикалық кезеңіне өтті»,- деп айтып өтті.

    ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының Құрметті профессоры Нұртілеу Иманғалиұлы педагог мәртебесі туралы өз ойымен бөлісіп, республикалық кезеңге жолдама алған қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Филиалдың сараптама кеңесінің шешімі бойынша Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар, Орта білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар, Техникалық және кәсіптік оқытудағы заманауи технологиялар, Қосымша білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар бағыттары бойынша төменде көрсетілген қатысушылар жеңімпаз деп танылды. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар бағыты

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әдiскерлерi
І орын – З.С. Нусипова;
ІІ орын – А.М. Ракишова;
ІІІ орын – Э.Б. Жакупова.   

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарыньң тәрбиешiлерi
І орын – Г.Торкинбекова;
ІІ орын – Е.А. Боднар;
ІІІ орын – Г. Шыныбекова.  

Орта білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар бағыты

Биология пәні
І орын – С. Джомартова;
ІІ орын – Ж. Нарымбет;
ІІІ орын – А. Калдыбаева. 

География пәні
І орын – П. Кенжалыева;
ІІ орын – У. Пашкеева;
ІІІ орын – Қ. Жолдасбекова. 

Химия пәні
І орын – Т. Сатова;
ІІ орын – С. Тазабекова;
ІІІ орын – Б. Баймаханова. 

Өзін-өзі тану пәні
І орын – А.Айбекова.  

Математика пәні
І орын – Ж. Дубирбаева;
ІІ орын – Н. Қабдырейм;
ІІІ орын – А.Ширкитбаева. 

Физика пәні
І орын – А. Ибраимова;
ІІ орын – Т. Сейдаз;
ІІІ орын – Б. Ақбердиев. 

Информатика пәні
І орын – Б. Ильясова;
ІІ орын – Р.Омарбаева;
ІІІ орын – Д. Нусипов. 

Қазақ тілі пәні
І орын – Г. Елшиманова;
ІІ орын – Е. Жамансариева;
ІІІ орын – М. Кауменова. 

Орыс тілі пәні
І орын – А. Искакова;
ІІ орын – Б. Бозжигитова;
ІІІ орын – Ж. Садыкова. 

Ағылшын тілі пәні
І орын – С. Конкаева;
ІІ орын – М. Баубеков;
ІІІ орын – А. Сайлау. 

Тарих пәні
І орын – А. Абдуллаева;
ІІ орын – У. Макашева;
ІІІ орын – Б. Қылышбекқызы. 

Бастауыш сынып
І орын – А. Исмаилова;
ІІ орын – Г. Рахимова;
ІІІ орын – Г. Дауренбекова. 

Бейнелеу өнері пәні
І орын – Н.Чайкина. 

Дене шынықтыру пәні
І орын – С. Шафикова;
ІІ орын – Д. Атагельдиев;
ІІІ орын – Е. Абдилдаев. 

Технология пәні
І орын – М.Закирова. 

Техникалық және кәсіптік оқытудағы заманауи технологиялар бағыты 

Арнайы пәндер окытушылары
І орын – Д. Шешенгельдинова;
ІІ орын – Ж. Булекбаева;
ІІІ орын – Т. Сарсенбаева. 

Жалпы бiлiм беру пәндерді окытушылары
І орын – Ж. Шалимбетова;
ІІ орын – Ф. Толешова;
ІІІ орын – А. Оразқан. 

Өндiрiстiк окыту шеберлерi
І орын – У. Исмайлова;
ІІ орын – А. Есифидис;
ІІІ орын – С. Тұрсынбек. 

Қосымша білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар бағыты
Қосымша бiлiм беру педагогтары
І орын – Қ. Жеткербаев;
ІІ орын – В. Трофимов;
ІІІ орын – Г. Асқарбекова.

6.png1.jpg2.jpg3.jpg4.png5.png