БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА 

    2018 жылдың қазан-қараша айларында  жоспардан тыс Институт базасында 3 оқыту семинарлары өтті. Елбасының «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген сөзін басшылыққа ала отырып, тақырыпты «Жаңартылған бағдарламалар негізінде сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, пәнді құзыреттіліктер тұрғысынан оқыту әдістемесі» белгіледік. Оқыту семинары мұғалімдердің сұраныстары мен қажеттілігіне сай ұйымдастырылып, оған облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып, 51мұғалімқамтылды. 

 

    Оқыту семинары жаңа форматтағы оқыту жүйесін  тәжірибеде қолдану арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға ықпал ету мақсатын көздеді. Оқыту семинарында мынадай міндеттері жүзеге асты: 1) білім берудегі жаңа реформаларға сай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  кәсіби шыңдалуын қамтамасыз ету;  2) сын тұрғысынан оқыту технологиясы арқылы мұғалімдердің пәндік құзыреттіліктерін арттыру;  3) оқулық пен оқу-әдістемелік кешендер, басқа да ресурстар арқылы сыни ойлауды қалыптасыра отырып, тілдік дағдыларды дамыту әдістемесін саралау; 4) орта, қысқа мерзімді жоспарларды құрастыруда сыни ойлау дағдысын қалыптастыру үдерісін енгізуді ойластыру. Әр оқыту семинары сегіз сағатқа жоспарланды да, онда дәріс, тәжірибелік сабақ, тренингілер ұйымдастырылды.

            

Негізгі қамтылған тақырыптар:

  1. Жаңартылған бағдарламалар негізінде сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, пәнді құзыреттіліктер тұрғысынан оқыту әдістемесі;
  2. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Қазақ тілі» пәні оқулық, оқу-әдістемелік кешендерінің ерекшелігі. Тілдік дағдылар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым;
  3. Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар әзірлеу (қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарымен жұмыс). Қазіргі сабақты жобалау;
  4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы функционалдық оқу сауаттылығын дамыту, жаңаша сипаттағы бағалау үдерісіндегі рөлі.

Нәтижесінде білім алушылар:   

  • өз беттерінше білім алуға тартылды;
  • оқу іс-әрекетінде  жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасын ықпалдастыру арқылы білім сапасын  арттыруға мүмкіндік алды;
  • педагогтердің ынтымақтастық аясы кеңейді;
  • жаңа жаһандық кезеңде педагогтердің кәсіби шеберлігін артты;
  • сабақта оқулықтағы және басқа да ресурстар аясында оқушыны сын тұрғысынан ойлауға бағыттау жолдарын меңгерді.   

 

 

Саметова Жайна Хадиронқызы,

Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру

кафедрасының аға оқытушысы

 

5.png1.jpg4.png3.jpg6.png2.jpg