«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ»  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

         2018 жылы 9 қарашасы күні«Мәңгілік Ел»  құндылықтары негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»атты тақырыпта  Алматы облысы, Талғар ауданы №28 орта мектебінің базасында облыстық семинар-практикум өтті.

        Семинардың мақсаты: Отандық білім беру жүйесінің тұжырымдамалық негізі болып табылатын «Жаңартылған білім беру стандарттары мен бағдарламалары» мазмұнында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясында белгіленген қазақстандық қоғамның құндылықтарын мұғалімдердің тәжірибесіне енгізу арқылы оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту.

     Семинарға «61»педагог қатысты. «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Майра Валиева семинарды салтанатты түрде ашып, семинарға қатысушыларды жұмыстың мақсат-міндеті және бағытымен таныстырып өтті.   

              Семинардың теориялық кезеңінде «Мәңгілік Ел құндылықтарын  оқу-тәрбие үдерісіне енгізудегі мектептің игі істері бойынша  білім беру ұйымында  атқарылып жатқан жұмыстардың жүргізілу барысы жайлы   (Мектеп директоры-Абдикалыкова Жанаргуль Кенжебековна ,директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Сералиева Гульмира Сапаргазыновна ) іс-тәжірибесі, яғни оқушылардың қызметін ұйымдастырудағы мектеп ұжымының шығармашылық еңбегі және «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту  және білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия» тақырыбында  (Курманбаева Асия Нурдуновна- директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары) баяндалып,  таныстырылды.

Семинардың практикалық кезеңінде Шеберлік  сынып көрсетілімдері (заманауи сабақтар), «Мәңгілік Ел» идеясы тәрбие арқауы,  Психологиялық қызмет жан жылуы,    атты педагогикалық шаралар өткізілді.   

    Сондай-ақ, семинарға қатынасушылармен  іскерлік-шығармашылық қызмет бөлімінде «Мұғалімнің үздіксіз дамуындағы кәсіби құзыреттілік деңгейі»  (коучинг), жәнеБасқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Валиеваның ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел құндылықтарға бағытталған мұғалімдердің шығармашылық   іс-әрекетінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы ролі» атты тренинг  ұйымдастырылды.    

    Семинар атқарылған  жұмыстарға аналитикалық талдау жасау, ой бөлісу, семинарға белсене қатысып, шығармашылық іс-тәжірибесімен    бөліскен ұстаздарға  институт директорының атынан ризашылық білдіру,  алда  атқарылатын  жұмыстарға бағыт-бағдар, тиісті нұсқаулар ұсынылуымен      аяқталды.

 

                      М.Валиева,
Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы                           

2.jpg4.png3.jpg6.png5.png1.jpg