Техникалық және кәсіби білім берудегі инклюзивті білім берудің үздік педагогы

Техникалық және кәсіби білім берудегі инклюзивті білім берудің үздік педагогы 

   Ағымдағы жылдың 16 қарашасы күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» «Техникалық және кәсіби білім берудегі инклюзивті білім берудің үздік педагогы» республикалық конкурсы өтті.

   Шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің серіктестік және халықаралық жобалар бөлімінің басшысы Р.Ширгатова, «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамы Басқарма Төрағасы Г.Ахметова, Алматы қаласындағы колледждер қауымдастығының төрағасы Ж.Азизханов, ТжКБ ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

     Жиынды «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамы Басқарма Төрағасы, Алматы қалалық Мәслихат депутаты Г.Ахметова ашып, конкурстың мақсаты үздік инклюзивтік білім беруді дамытуда  инновациялық тәжірибені жинақтау мен кеңінен тарату  екендігіне тоқталды.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің серіктестік және халықаралық жобалар бөлімінің басшысы Рауза Ширгатова ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыста ТжКБ ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру туралы өз ойымен бөлісіп, республикалық кезеңге жолдама алған қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Байқаудың аймақтық кезеңіне Қазақстанның барлық облыстары мен Шымкент, Алматы, Астана қалаларынан 152 колледж педагогтары қатысты. Алайда, үздік 17 үміткер ғана республикалық кезеңде өзінің озық педагогикалық тәжірибесін ортаға салу мүмкіндігіне ие болды.

   Филиалдың әділқазы алқасының шешімі бойынша «Жаңашыл педагог - Педагог – новатор» номинациясымен Қостанай облысынан келген үміткер Разманова Ольга Владимировна, «Шығармашыл педагог - Творческий  педагог» номинациясымен Жамбыл облысынан Мустафина Майя Кайсаровна және Ақтөбе облысынан Уразова Динара Алибаевна, «Шебер педагог - Мастер педагог» номинациясымен Атырау облысы, Тилеугалиева Аккалыш Кайрекеновна және БҚО, Альдекешева Замзагуль Нептуновна, «Шабыттандырушы педагог - Педагог – вдохновитель» номинациясымен Алматы облысы, Окбаева Айгуль Жумашевна және ШҚО, Замятина Татьяна Петровна, «Көшбасшы педагог – Педагог-лидер» номинациясымен Қызылорда облысы, Амангельдиева Данагуль Амангельдиевна және Қарағанды облысы, Нургалиева Жансая Дулатовна, «Педагог-әдіскер – Педагог-методист» номинациясымен ОҚО, Джунусбекова Динара Ахылбаевна және Маңғыстау облысы, Агзамова Сая Ерсайыновна, «Жастар – біздің болашағымыз! - Молодежь – наше будущее!» номинациясымен Павлодар облысы, Шаригат Айгерим, Торемуратова Жанар Бокенбаева марапатталды.

   Қазылар алқасының шешімімен Алматы қаласы, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің педагогы Косерова Нагашкул Макеновна жүлделі 1 орынды, 2 орынды  Ақмола облысы, №1 Құрылыс-техникалық колледжі педагогы Кожахметова Айкен Талаповна, 3 орынды Астана қаласы, Қазақ технология және бизнес университеті колледжінің педагогы Мешелов Мухамедрахим Елубаевич иеленіп, ақшалай ынталандыру сыйлығын жеңіп алды.

    «Техникалық және кәсіптік білім берудегі инклюзивті білім берудің үздік педагогы» республикалық конкурсы жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз, қызмет бабында толағай табыстар тілейміз!

2.jpg1.jpg3.jpg6.png5.png4.png