CLIL ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАР

CLIL ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАР

 

Ағымдағы жылдың 20 қараша күні Қапшағай қаласы №4 орта мектебінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бекіткен «100 нақты қадам: баршаға арналған заманауи мемлекет» Ұлт жоспарының соның ішінде 2015-2020 жылдарға арналған Үш тілде білім беруді дамыту аясында облыс мұғалімдеріне арналған «CLIL оқытушыларына арналған құралдар» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында үш тілді меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көпмәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу және пікір алмасу, CLIL бойынша әдіс-тәсілдермен танысу.

Конференцияның негізгі міндеттері:

-          білім беру үдерісіне қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында CLIL бойынша оқытуға байланысты тәжірибе алмасу;

-         CLIL әдістемесі бойынша инновациялық тәсілдер арқылы сабақ ұйымдастыруды  қамтамасыз ету  және жетілдіру;

 Конференция «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ «Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар» кафедрасының ағылшын тілі пәнінің аға оқытушылары және Қапшағай қаласы әкімдігінің «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен өткізілді. Конференция 4 бағытта өтті:

-         Физика пәнін ағылшын тілінде оқытудағы қолданылатын әдістер

-         Химия және биология сабағында CLIL әдісінің элементтерін қолдану

-         Информатика сабағында CLIL әдістерін қолдану

-         Ағылшын тілі. CLIL-пәнмен тілді кіріктіріп оқыту.

Пленарлық отырыс кезінде Алматы облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталағының білім беру менеджменті және инновациялық қызмет бөлімінің жетекшісі Немербаев Е.С. конференцияның мақсатын және үштілді білім беруді дамытуда тәжірибелерімен бөлісу мен өз сабақ беру дағдыларын жоғарылатып тұру маңыздылығына тоқталды. Конференцияға Алматы облысының орта білім беру  ұйымдарындағы жаратылыстану бағыты мен ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Секциялық отырыста жасаған баяндамаларында мұғалімдер өздерінің үш тілде сабақ өткізуде алған тәжірибелерімен және қолданған әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, туындаған мәселелерін баяндап солардың шешімін ортақтасып шығарды. Соның барасында келесі ұсыныстар ұсынылды. Жаратылыстану пәндерін үш тілде оқуда бір ортақ бағдарлама шығарылса, бәріне ортақ пайдаланатын оқулықтар шығарылса деген өтініштерін айтты.

Конференцияның қорытындысында қатысушылар  ұйымдастырушылардың көкейтесті мәселелерді көтеріп отырғандығын атап өтіп, өз алғыстарын білдірді. Конференцияға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп доклад оқыған мұғалімдерге рахмет айтамыз және де  қызмет бабында үлкен табыстар тілейміз!

6.png3.jpg4.png2.jpg1.jpg5.png