«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2018 жылы 16 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Ғылыми-жаратылыстану-(гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Д.А. Картбаеваның басшылығымен Алматы облысы,Талғар ауданы Ақтас ауылы №36 орта метепте «Мәңгілік ел» идеясы құндылықтары арқылы ғылыми жаратылыстану пәндерін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – сабақты жоспарлауда   «Мәңгілік ел» актісі негізінде құндылықтарды енгізу арқылы жеке тұлғаның азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру. Тапсырманы  жоспарлауда отансүйгіштік  сезімді практикалық іс-әрекеттер арқылы дамытуға бағытталған тиімді әдістерді қолдану жолдарын  анықтауда мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Ғылыми-жаратылыстану - (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Д.А. Картбаеваның басшылығымен ұйымдастырылған    дөңгелек үстелге Қаратал, Қапшағай, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарынан пән мұғалімдері қатысты.

Қатысушылар жас ұрпаққа  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша құндылықтарды дарытудың сабақ   жоспарлаудағы маңызы жайлы ой бөлісіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

 

            Тақырыптың өзектілгі, өзі қатысқан семинарларда осы тақырыпқа  қатысты біраз пікірталас туындағаны жайлы ойын білдірген Қаратал ауданының мұғалімі Даниярұлы Әлішер бүгінгі  дөңгілік үстел тақырыбын талқылаудың тиімді болатынына сенім білдірді. Ал,Талғар қаласы № 2 орта мектептің география пәні мұғалімі Кулбекова Гүлнур жас маман ретінде сабақ жоспарлауда құндылықтардың маңызын өз ойында жүрген мәселелр арқылы ашып берді. Ақтас ауылының биология  пәні мұғалімі М.М.Ускибаеваның өз сабақтарынан мысалдар келтіре отырып  дәлелдер келтіргені қатысушылар үшін өте тиімді болды.  Сондай ақ, осы №36   мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Масейпов Тұрсынғали, Еңбекші қазақ ауданы Байтерек мектебінің  мұғалімі Юсупов Үсен  сұрақтар қоя отырып өз сабақтарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша құндылықтарды дарытуды жоспарлаудың тиімді жолдарын дөңгелек үстелде талқылау барысында меңгергендіктерін мысалдармен бекітіп алды.

         Пікіралмасу соңында  Ғылыми-жаратылыстану - (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Д.А. Картбаева сабақта  оқу мақсатына жету үшін жоспарланған қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды орындау барысында құндылықтарды қалай жоспарлауға болатындығын қарапайым мысалдар келтіре отырып тренинг өткізу арқылы қорытындылады.

 Өз ойларын білдірген мұғалімдер тапсырманы  жоспарлауда отансүйгіштік сезімді практикалық іс-әрекеттер арқылы дамытуға бағытталған тиімді әдістерді қолдану үшін өз тәжірибелерінде   педагогикалық шеберлігін жетілдіруге көп ақпараттар алғандығын айтты. Дөңгелек үстел мұғалімдер рефлексиясымен аяқталып «ой бөлісу тиімді болды, көкейдегі көп сұрақтар шешімін тапты»,- деп қатысушылар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» әкімшілігіне өзекті тақырыпты талдауды ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

6.png3.jpg5.png4.png2.jpg1.jpg