«Нұр Отан» – балалардың бақыты үшін»

«Нұр Отан» – балалардың бақыты үшін»

 

2018 жылдың 6 желтоқсаны күні «Өрлеу» «БАҰО»  АҚ «Нұр Отан» - «Білікті ұстаз» партиясының бастауыш партия ұйымының партиялық бөлімшесі – «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ «Алматы облысы  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, Психо-неврологиялық аурулары бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығында «Нұр Отан» – балалардың бақыты үшін» атты республикалық қайырымдық акциясын қолдау мақсатында іс-шара өткізді.

Шараға «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Басқарма төрайымы, Алматы қаласының мәслихат депутаты Г. Ахметова, Түркісіб аудандық филиалы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н. Ажибаев және филиал қызметкерлері қатысты.

Қайырымдылық акциясы аясында Психо-неврологиялық аурулары бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығы тәрбиеленушілері – 50 балаға оқуға қажетті заттар және жаңа жылдық сыйлықтар үлестірілді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсету – «Нұр Отан» партиясының маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда партияның бұл бастамасының арқасында еліміздегі қаншама балаларға, аз қамтылған отбасыларға айтулы көмек көрсетілді. Іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясы өкілдері мекеменің басшылығымен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

6.png1.jpg4.png2.jpg5.png3.jpg