ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

    2019 жылдың 30 қаңтары күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» филиал директоры, педагогика ғылымдарының докторы С.М.Кенесбаев басшылығымен профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын «Ұстаз мәртебесі – ел мерейі» атты дөңгелек үстел аясында талқылады. Заң жобасының тұжырымдамасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында әзірленген болатын.

        

     Дөңгелек үстелдің жұмысын институт директоры Серік Кенесбаев ашып, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында дайындалған заң жобасының маңыздылығына тоқталды.

   Шара барысында қатысушылар тұрғын үй, медициналық сақтандыру, зейнет жасы, мұғалімдердің жүктемесін жеңілдету, мұғалім мен ата-ананың міндеті, құқығы тұрғысындағы, сондай-ақ мектеп мұғалімі мен жоғары оқу орындары оқытушыларының міндеті, еңбек ақысы және де біліктілікті тексеруге арналған тестке байланысты көптеген түйткілді мәселелерді қозғады.

Жиын соңында институт қызметкерлері пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, болашақ жоспарларды талқылады.

4.png6.png5.png1.jpg3.jpg2.jpg