Жаңартылған білім беру мазмұны – педагогтердің ғылыми ізденістерін ұйымдастыру негізі

 Жаңартылған білім  беру мазмұны – педагогтердің  ғылыми ізденістерін  ұйымдастыру негізі 

    2019 жылдың  26 қаңтары күні  Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылындағы «Д. Қонаев атындағы орта мектеп» МКМ базасында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Руxани жаңғыру - мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар аясында әлеуметтендірудің негізі» атты ғылыми эксперимент жоспары бойынша  «Жаңартылған білім  беру мазмұны – педагогтердің  ғылыми ізденістерін ұйымдастыру негізі» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті.

        Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясында пән мұғалімдері мен оқушылардың ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар аясында әлеуметтендірудің ғылыми жолдарын ұсыну.

    Іс-шараға филиал директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі  орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Т.Қ.Ауелгазина және институттың аға оқытушысы Л.Орманбекова, аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Жұлдыз Жұмабекқызы, республикалық «Биология» және «География» журналдарының редакторы Рая Әбішқызы қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

    Семинарға экспериментті жүргізуші Алматы облысы мектептерінің 40 педагогі  қатысып, ғылыми жобалары бойынша ғылыми ізденістері мен озық тәжірибелерін  көрсетті.

     Ал, «Д. Қонаев атындағы орта мектеп» МКМ  ұстаздары Д. Қонаев атындағы музеймен таныстырып, 6 бағыт бойынша іс-тәжірибелерін ортаға салып, 7  оқушы ғылыми жобаларын корғады. Атап айтқанда, осы мектептің 3 сынып оқушысы Сейтбаев Саянның «Чипсы мен кириешкидің адам ағзасына зияны», 9 сынып оқушысы Сейітбаева Аяжанның «Менің кіші Отаным - Түрген» тақырыбындағы жоба жұмыстары сәтті жұмыстардың бірі болды. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Биетова С.К. буккроссинг әдісі негізінде 11 сынып оқушылары арасында «Тәрбие және білім» атты дөңгелек үстел өткізілді.

   Облыстық іс-шараны қорытындылай келе, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Толқын Ауелгазина семинарда белсенділік танытқан мұғалімдер мен оқушыларға Дипломдар, Грамоталар мен Алғыс хаттарды  табыс етті.

Семинар соңы пікірталасқа ұласып, ұстаздар өз ұсыныстарын ортаға салды.

 

4.png2.jpg5.png1.jpg6.png3.jpg