Жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану

Жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану 

    2019 жылдың 1 ақпаны күні Алматы облысы,Талғар ауданы, Панфилов ауылы, № 33 орта мектебінде «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жұмыс жоспарына сәйкес «Жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану» тақырыбындағы ғылыми эксперимент жұмысы өтуде. Эксперимент жұмысында география, биология, химия пәні мұғалімдерінің (ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ) сабақ жоспарларын жасауда ойлау дағдыларының деңгейлерін анықтауға, бағалау критерийлерін құруға, тапсырманы орындау барысында дескрипторлар құрастыруға бағыттау және зерделеуге атсалысуда.

   Ғылыми эксперимент жұмысының мақсаты – жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолданудың әдістемелік негіздерін жетік меңгерту және өзіндік бағалау дағдыларын дамыту. 
    

 

       Осы  айда «Жаратылыстану пәндері бойынша қалыптастырушы бағалау» тақырыбында қысқа мерзімді жұмыс жоспарына сәйкес сабақтың өтілуін зерделеу жасалды. Осы аталған іс шараға мектеп директоры Э.Баймолдаева, оқу ісінің меңгерушісі Д.К.Ахметбаева және жаратылыстану пәні мұғалімдері қатысты.

      Пән мұғалімдері оқу мақсатына қол жеткізу үшін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы тиімді әдістерді қолданып, ойлау дағдыларының деңгейлерін ескеріп қысқа мерзімді жоспарларын жасаған. 

 

 

      Биология, география, химия пәні мұғалімдері Б.Т.Сауытбекова, К.Турсымбекова, А.Б.Темірбаева, К.Сембековалар ұзақ мерзімді жұмыс жоспарына сай, оқу мақсаттары бойынша ашық сабақтар өткізді. Сабақтарға қатысып өз ұсыныс, пікірлерімізді айтып, кері байланыс жасадық.

 

Адыбаева Ләззат Дунгенбайқызы,

Ғылыми- жаратылыстану (гуманитарлық)

пәндерді оқыту әдістемесі мен

инновациялық технологиялар кафедрасының

аға оқытушысы

6.png1.jpg3.jpg4.png5.png2.jpg