БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ




     Білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ тренерлері облыс мұғалімдеріне жаңартылған білім беру мазмұны аясында біліктілікті арттыру курстарын бастады.
    Курстың мақсаты – білім беру бағдарламасын жаңарту аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, құзыреттілігін арттыру.
     Аталған курс барысында тыңдаушылармен жеке, жұптық және топтық жұмыстар, мәселені бірлесіп шешуге бағытталған тәжірибелік жұмыстар,  ойын элементтері арқылы мұғалімге оқушылардың ішкі және сыртқы уәжін арттыруға арналған тренингтер  өткізіледі.

     Нәтижесінде тыңдаушылар:  

  • жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсаттары мен міндеттерін меңгереді;
  • тиімді оқыту мен оқу материалдарын пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес қолдана алады;
  • оқу бағдарламасымен бірге пайдаланылатын бағалау моделіне қол жеткізудегі критериалды бағалау жүйесін, жаңартылған білім білім беру бағдарламасына байланысты тиісті оқыту әдістемесін тиімді қолдануды игереді.

     Курс мұғалімдерге біліктіктерін арттырып, білім қорын кеңейтуге, сонымен қатар әр түрлі білім беру орталықтарынан келген әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға керемет мүмкіндік береді.

5.png6.png4.png3.jpg1.jpg2.jpg