Тәжірибелік семинар – педагогтің құзыреттілігін арттыру қадамы

     2019 жылдың 8 ақпаны күні  Алматы облысы,Іле  ауданы № 40 орта мектебінде «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Ғылыми-жаратылыстану  (гуманитарлық) пәндерді оқыту  әдістемесі мен инновациялық технологиялар  кафедрасының ұйымдастыруымен  «Тәжірибелік семинар – педагогтің құзыреттілігін арттыру қадамы»тақырыбында облыстық  семинар өтті.
     Семинарға Іле, Қарасай, Жамбыл, Көксу, Ескелді, Қаратал, Талғар, Кербұлақ, Алакөл, Панфилов аудандары және Талдықорған, Қапшағай қаласы, Алматы облыстық ДБАМИ-ның математика, физика, география және информатика  пәндері бойынша 63 мұғалім қатысты.


     Педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен білімін инновациялық қызметте арттыру және тәжірибелік мәселелерді талқылау мен ендіру мақсаты бойынша №40 орта мектептің шығармашыл мұғалімдері Д.А.Адильханова 8 сыныпта «Үшбұрыш ауданы», Б.О.Ильясова 7 сыныпта «Сызықтық алгоритмдерді программалау», П.А.Кенжалыева 8 сыныпта «Демографиялық проблемалар», Б.Ж.Саримова 8 сыныпта «Өткізгіштің электр кедергісі, өткізгіштің меншікті кедергі, реостат» үлгілі озық сабақтар көрсетіп іс-тәжірибесімен бөлісті.


     Осы мектептің үйлестірушісі және математика, физика пәнінің мұғалімі  А.Н. Ибраимова «Критериалды бағалау жүйесі: тәжірибе, мәселе, шешімі» атты тренингте педагогтің құзыреттілігін арттыру қадамындағы КБ жүйесін енгізудегі тәжірибемен бөлісіп, өзекті мәселелердің шешімін бірігіп іздестірді. Ағылшын пәнінің мұғалімдері Б.М.Жаналиева мен А.Д. Тухаманова «Жараталыстану бағытындағы пәндерге ағылшын тілін кіріктірудің  тиімді әдіс-тәсілдері» коучингінде қызықты әдіс-тәсілдер көрсетті.


      «Сандық Қазақстан негізінде штрих код пен QR кодтарды тексеру жолдары» тақырыбында Л.Қ.Нұрсұлтанның баяндамасы тыңдалды. Одан әрі оқыту бейне сабақтарымен Ұ.Керім, А.Сейілхан, Б.Саримова, Қ.Ембергенова т.б. мұғалімдер тәжірибе жұмыстарын көрсеттіп, тәжірибе алмасты.
     Семинар  соңында математика, физика, география және информатика  пәндерінің мұғалімдері семинардан алған әсерлерін ашық микрофон арқылы айтып баға берді және ұсыныс тілектерін жазды.  
     Одан әрі, осы семинарды ұйымдастырушы координаторлар М.Боденбаев, Ф.Н.Каракушекова, Н.Б.Жакыпова, Л.Д.Адыбаева қорытындылап, озық идеяларымен бөліскен мұғалімдерге құрмет грамотасы, алғыс хат, қатысушыларға сертификат табыс етті.
2.jpg6.png1.jpg5.png3.jpg4.png