Латын әліпбиі – ұлт тұтастығы негізі

     2019 жылдың 15 ақпаны күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жоспарына сай Алматы облысы, Қарасай ауданы,  «Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ базасында «Латын әліпбиі – ұлт тұтастығы негізі» атты облыстық дөңгелек үстел өтті. Жиынға филиал директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Т.К.Ауелгазина, аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Ә.Жұрын, мектеп директоры Д.Саусақбаев және Алматы облысының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

 

      Іс-шара мақсаты – латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең ақпарат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Білім саласындағы жаһандық бәсекеге бейімделген жеке тұлғаны тәрбиелеу.
     Дөңгелек үстел аясында институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Толқын Ауелгазина «Латын әліпбиі – «Мәңгілік елдің» рухани жаңғыруы» тақырыбында баяндама жасап, латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын қайта жаңғыртатындығы және түркі және жаhандық әлеммен ықпалдасуға жол ашатындығына тоқталды. Сонымен қатар, Б.Қосынов атындағы ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Б. Спанкулова «Латын әліпбиін білім беру жүйесіне енгізу: мәселелер мен ұсыныстар», 1 Май ОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оразбекова Амангуль Шаймуратовна «Латын әліпбиі – халық таңдауы», «Шалқар орта мектебі» қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оспанова Айнур Акбаевна «Латынға көшу – әлеммен бірлесу» және т.б. қатысушылар латын әліпбиіне көшуге байланысты өз ойларын ортаға салды.
     Жиын соңында институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Толқын Ауелгазина озық идеяларымен бөліскен мұғалімдерге құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табыс етті.

1.jpg5.png2.jpg4.png6.png3.jpg