«Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде мектеп тұлғаларының қызметін ұйымдастыру бағыттары

       2019 жылы 28 ақпанда аталған тақырыпта Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің базасында облыстық семинар-  практикум болып өтті. Шараға 66 педагог қатысты.
Семинардың мақсаты: «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізіндемектеп тұлғаларының қызметін ұйымдастыру арқылы мектептің шығармашылық  жұмыс тәжірибесін  эксперимент алаңындағы әріптестермен бөлісу.
     Міндеттері:
-       Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын,  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру;
-       «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде мектеп оқушыларының қызметін  дамыту бағытындағы мектептің  іс-тәжірибесін   насихаттау;
-        Мектеп тұлғаларының  қызметін  ұйымдастыру жолдарын көрсету.
       «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Майра Валиева семинарды салтанатты түрде ашып, семинарға қатысушыларды жұмыстың мақсат-міндеті және бағытымен таныстырып өтті. Мектеп директоры Абдилова Бибігүл Байжумаевна  мектеп тарихы мен даму кезеңдері және «Мәңгілік Ел» құндылықтары, Рухани жаңғыру бағытындағы педагогтардың шығармашылық еңбегі  мен оқушылар қызметінің жетістіктері жайлы баяндап өтті.
      
         
 
       Семинардың теориялық кезеңінде «100  кітап» жобасы атты«Үздік сынып оқырмандары» байқауынан үзінді, «Туған өлкем – тұнған шежіре»  жобасы аясындағы   зерттеу жұмыстары көрсетіліп,  «Ұлы даланың жеті қыры– ұлт мақтанышы» атауымен ұйымдастырылған   көрме таныстырылды.Мәңгілік Ел құндылықтары негізінде мектеп тұлғаларының  қызметін  ұйымдастыру  бағытындағы мектептің  эксперимент аясында атқарып  жатқан жұмысы таныстырылып баяндалды.
 
       
      
       Семинардың практикалық кезеңінде Шеберлік  сынып көрсетілімдері (заманауи сабақтар), ата-аналармен  «Бабалар  мұрасы  –   рухани мәдениетіміздің қайнар бұлағы» тренингтік  сабақ өткізіліп, «Жастар – Мәңгілік Ел  болашағы» атты оқушылар комитетінің жұмысы көрсетілді. Семинарға қатысушылармен «Жаңартылған білім беру аясындағы   тиімді әдіс- тәсілдер» ықшам сабақтар,«Оқу үрдісін  бағалаудағы  мұғалім құзіреттілігі»атты коучинг,  сондай-ақ, «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Валиева ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарында тұлғалар қызметінің ұйымдастырылу бағыттары» тақырыбында коучинг  өтті.
 
         
 
      Семинар атқарылған  жұмыстарға   аналитикалық талдау жасау, ой бөлісу, семинарға белсене қатысып, шығармашылық іс-тәжірибесімен бөліскен   ұстаздарға  институт директорының  атынан ризашылық білдіру,  алда  атқарылатын  жұмыстарға бағыт-бағдар, тиісті нұсқаулар ұсынылуымен аяқталды.
 

Майра Валиева,
п.ғ.к., Басқару және білім сапасы
кафедрасының аға оқытушысы

3.jpg1.jpg2.jpg5.png6.png4.png