Латын әліпбиі – рухани жаңғыру бастауы

       2019 жылдың 15 наурыз күні  «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мен  «Алматы облысы Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірлесе отырып, Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Латын әліпбиі –  рухани жаңғыру бастауы» тақырыбындаРеспубликалық ғылыми-әдістемелік конференция өткізді.
       Конференцияның мақсаты: мемлекеттік тілді латын графикасына біртіндеп көшірудің әдістемелік, теориялық-практикалық, нормативтік-құқықтық, ақпараттық негізін зерттеу.
       Конференцияға «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ қызметкерлері, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, ЖОО ПОҚ, білім басқармалары басшылары мен қызметкерлері, тіл жанашырлары қатысты.
       Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияның Пленарлық мәжілісін – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Мұқтарұлы Кенесбаев құттықтау сөзімен ашты.

                     
 
       Институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина «Латын әліпбиіне көшу – рухани даму бастауы» тақырыбында баяндама жасап, латын графикасына көшудің әдістемелік және нормативтік-құқықтық мәселелеріне тоқталып өтті.
       Филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі Әміржанова Нәзира Серікқызы «Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы» Филология ғылымдарының кандидаты Солтанбекова Альфия Абдыкенқызы «Ұлттық жазудың негіздері және оны меңгертуде негізге алынатын білімдер» тақырыптарында латын әліпбиінің тарихын, құрылымын яғни жазылу ерекшеліктерін жүйелі түрде баяндап, әліпбидің қолданысқа енгізудің тиімділігін саралап берді.

                     

       Конференцияға қатысушылар кәсіби қызметте тілдің ұтымды және тиімді пайдаланылуы және т.б. мәселелер бойынша латын әліпбиінің маңыздылығы мен оның бағдары жайлы ойларымен бөлісті.
       Шара қорытындысы бойынша қатысушылар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» сертификаттарымен марапатталды, ал үздік материалдар авторларына Құрмет грамоталары табыс етілді.
2.jpg4.png1.jpg6.png5.png3.jpg