«How do you feel about being a new format teacher?» ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ЭССЕ БАЙҚАУЫ

       ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 6 бағытқа басымдық берген болатын. Соның бірі – білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру. Осыған орай 2019 жылғы 12 наурызда «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» «Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар» кафедрасы «Ағылшын тілі» пәнінің  мұғалімдері  арасында «How do you feel about being a new format teacher?» тақырыбында  облыстық  сырттай эссе байқауын өткізді.

              

       Байқаудың мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалалық бағдарламасындағы «How do you feel about being a new format teacher?» жобасын іске асыру аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында эссе жазу деңгейін сараптау, өзіндік жаңашыл идеяларымен бөлісу, шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету. 

       Байқаудың негізгі міндеттері:

  • ағылшын тілі пән мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету;
  • облыс педагогтері арасында креативтілік пен сыни ойлауды дамыту;
  • эссе жазудың құрылымы мен талаптарын сақтау арқылы тақырыпқа сай жоспарлай білу. 

       Байқаудың жұмыс тілі: ағылшын тілінде.
       Байқауға облыс бойынша жалпы 37 жұмыс келіп түсті:
       – 37 эссе – «Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімдері.

              

       Байқау материалдары 7 наурызға дейін қабылданып, сарапталады. Байқауға қатысушылардың өтініштерін Байқаудың ұйымдастырушылары қарап, үздік эсселерді анықтады.

              

       Байқаудың ережесіне сай, берілген критерийлер бойынша жоғары деңгейде орындалған эсселер 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар және сертификаттармен марапатталды.

4.png5.png1.jpg6.png2.jpg3.jpg