«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз!

Құрметті Алматы облысының педагогтары!

       Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: кірістер мен өмір сапасының артуы» атты Жолдауларын іске асыру аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогигалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурстың облыстық кезеңін өткізетінін хабарлайды.
       Конкурстың мақсаты – біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.
       Байқауға мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады. Сонымен қатар, конкурсқа қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға қатыспаған, интернет желісіне орналастырылмаған бейне материалдар ғана қабылданады.

              

       Жүлделі орындар үшін ақшалай сыйақылар тағайындалған. Сондықтан да, баршаңызды «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз!

 

Конкурсқа қатысты сұрақтарыңыз болса
«Өрлеу» БАҰО филиалы
Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ хабарласа аласыз:
Алматы қаласы, Қабылов көшесі 50.
тел.:  +7 (727) 247 41 11
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
1.jpg5.png3.jpg4.png6.png2.jpg