Қазақ тілінде білім беретін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің білім көтеру курсынан репортаж.

       Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту үдерісінің басты мақсаты: білім бағдарламаларын түбегейлі жаңарту  негізінде  педагогикалық  шеберлікті  шыңдау  мен  критериалды бағалау жүйесін енгізу.
       Жаңа стандарт дегеніміз – ол ең алдымен мұғалімнің білім берудегі өзінің қалыптасқан әдіс – тәсілдеріне көзқарасын өзгерту. Білім берудегі жаңаша талап мұғалімнен тынбай еңбектенуді және оқушылар мен білім жүйесіне жеке қырынан қарауды талап етеді. Жаңа жүйені енгізе отырып, өзіміз де үйренеміз. Біздің бірақ сеніміміз мол: бұл жол бізді табысқа кенелтуі тиіс.
       Бұл бағдарлама Д.Брунердің когнитивті теориясына лайықталып, білімнің спираль пішінді дамуына негізделген. Ол бойынша білім алушылар функционалдық сауаттылықты өздері дамытады, белсенді түрде білім алуға, өз құрбылары арасында коммуникативті дағдыларды дамытуға ерекше ынтамен кіріседі және туындайтын мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешу жолдарын қарастырады. Оқушылардан өзге елдер мәдениеті мен әдебиетіне құрметпен қарауға, толеранттылықты сақтауға және жауапкершілігі зор, дені сау азамат қалыптастыруға тырысады. Қазіргі әлем кеңістігіне оңай бейімделетін және өқзін жан-жақты көрсете алатын оқушылар тәрбиелеуге күш салуға тиіспіз.
       Мұндай міндеттерді жаңартылған білім бағдарламаларын тиімді қолдана отырып шешуге болады. Бағдарлама балалардың қарастыратын болғандықтан  оларды сыни және шығармашылық тұрғыда ойлануға, ақпараттық-коммуникациялық дағдыларды қолдана білуге, зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге бейімделуі тиіс. Жаңартылған бағдарламаның бір маңызды мәселесіне «оқуға-үйрету» міндеті жатады. Ол бәсекеге қабілетті тұлғаның қалыптасуына септігін тигізеді. Мұғалім егер тез өзгеріп жатқан мына заман талабына бейімделе білмесе бұл мәселені жүзеге асыру оңайға соқпайды.
       Қазір 26.03.-19.04.2019ж. аралығында Алматы облысы Жамбыл ауданындағы  Т.Рысқұлов  атындағы  орта  мектепте « Өрлеу» А.Қ облыстық  филиалының ұйымдастыруымен  Жамбыл  және Қарасай  аудандарындағы  қазақ тілінде білім  беретін мектептердегі орыс тілі мен  әдебиеті  мұғаллімдерінің  Қ.Р мектептеріндегі жаңартылған  білім  бағдарламасы  негізінде  білім  көтеру  курсы  өтіп  жатыр.

              

       Курс  Алматы облыстық педагогикалық  қызметкерлердің  білім көтеру  институтының «Тәрбие және  әлеуметтік тұлға  қалыптастыру» кафедрасының  аға оқытушысы, жаттықтырушы Ермухамедова Жібек Ельдесқызының  басшылығымен  өтуде.
       Жаттықтырушымыздың шеберлігі мен  жоғары  дәрежедегі  ұйымдастыру  қабілеті  арқасында әр сабақ, оның  құрамдас  бөлігі табысты  және  нәтижелі  өтуде. Жібек  Ельдесқызы  топтардың  жемісті  жұмыс  істей білуіне  мүмкіндік  орнатты, пәнге  байланысты  жаңартылған  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқу  материалдарын  шебер  бере білді. Сонымен  қатар, критериалды  бағалау жүйесін тиімді қолдану әдістеріне үйретті. Оқыту үдерісі үстінде  жаттықтырып  білімнің  теориялық  бөлігін  беруде  жаңашылдық  танытып, алған  білімді  іс  жүзінде  қолдана  білуге  баса  назар  аударды. Ең  бастысы тыңдаушылар  өз  сабақтарын  жаңашылдық  тұрғыдан  жоспарлай  білуді үйренді.

              

       Алғашқы  күндері  тыңдаушылар үшін  қысқа  мерзімді  сабақ  жоспарын  жазу  үлкен  қиындық  туғызды. Оның  өзіндік  себептері де  бар. Өйткені, ҚМЖ-ны жазу бұрынғы  ескі  тұрғыдағы  сабақ  жоспарын  түзуден ерекше  болатын. Жаңа  жоспар  бойынша сабақтың  негізін, сабақ  үстінде  берілетін  білім мен дағдылар келесі сабақтарды жалғасын тауып жатуы  тиіс. Сондықтан  да  жаңартылған  білім бағдарламасы  бойынша құрастырылған  жоспарда оқушының жоғары деңгейі дамуына, онық қабілеті мен  қызығушылығына да  жете мән  беріледі. Ол тек  қатысушы  емес, белсенді  білім алушыға айналады. Педагог әрі психолог В.В.Давыдов атап  көрсеткендей: «Білімнің  мақсатын  өзгертетін  кез  әлдеқашан  келді. Біз балаларды  іскерлік  дағдыға  ғана  емес, білім  алуды  үйретуге  тиіспіз». Ал  жаңартылған бағдарлама – ұзақ мерзімді, ұзақ және қысқа мерзімді жоспарлардың жемісі. Сонымен қатар  бала білімін бағалаудың  жаңа  формасы. Ол  формативті және  жиынтық бағалауға негізделген критериалды бағалауды  туындатады.

              

       Тыңдаушылар  40 минуттың  көлемінде күтілген  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  сабаққа қойылатын мақсаттың  нақты, қолжетімді  болуын  жоспарлауды үйренді. Сабақ үстінде берілетін тапсырмалар  оқушы  үшін  қызықты, мұғалім үшін нәтижелі болғаны жөн. Сондай-ақ мұғалім белгілі бір  тапсырманы  орындау  уақытында  балалардың  тап  болған  қиындықтарын  да есепке  алып  отырғаны  тиімді. Жаттығу  кезінде  мұғалімдер білім берудің  түрлі  жолдарын  дұрыс таңдай білуді  меңгерді; ең бастысы – мәселені  шешуге өзге қырынан келуді үйренді. Курс кезінде жаңартылған  бағдарламаны  шебер меңгерудің болашақтың  мамандарын тәрбиелеудегі  басты  жол  екенін тыңдаушылар  сезіне  білді.

              

       Күн сайын  жаттықтырушымыз маңызды  саналатын  жаңа тапсырмалар  беріп  отырды. Ал біз  нұсқауды  дұрыс  орындаудың  арқасында  оны  оңтайлы  шешуге тырыстық. Қазір  әлеуметтік  желелерде  түрлі  ақпараттар көп,  алайда  оны  сәтті таңдап, тиімді  меңгерудің  басты  жолы курсқа  қатынасу  екендігін  түсіндік.
       Білім жаңарту  кезінде  бағдарламаның  теориялық және  тәжірибелік түрлері  арқылы  біз  өз  тәжірибемізді құнды  дүниелермен толықтырдық. Ең негізгісі-әр  сабақты  тиімді  жоспарлауды,  оқу  мақсаттарын  нақты  қоюды,  жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана білуді, сабақ мақсатына байланысты  тапсырмаларды іріктей  білуді және оны критериалды тұрғыдан шебер  бағалай  білуге  қол  жеткіздік. Сонымен қатар сабақ жүргізудің жаңа  әдістерін ойластыруды, үйретудің белсенді жолдарын ерекшелеп алуды, тапсырма-ларды түрлендіре білуді және оқыту үстінде қай тиімді әдісті  қолдануды меңгердік. Білім алу кезінде  шағын  сабақ (ықшамдалған)  берудің  және  оны  жоспарллаудың  маңызын  сезіндік. Ықшам  сабақ  беру  немесе  оны жоспарлау  сәтінде  мұғалімдер  бағалау  критерийлеріне байланысты  іс  жүзінде  үздік  сабақтарды анықтай  білуді және  оның  қол  жетімділігі  жайлы  сыни пікірлер  білдіруді  үйрену. Ықшамдалған сабақтың  артықшылығы  неде? Оның  артықшылығы сонда, ықшамсабақ оқу бағдарламаларының  қалай  жасалатынын, жаңа  әдістердің  көмегін сезінудің  және жоспар құру мен сабақ  жүргізудің  бірлігін іс жүзінде түйсінуге  жол  ашады. Ықшамдалған  сабақ  үстінде  мұғалімдер  оқушылардың әрекетін  жүзеге  асыруы, топ  мүшелері белсенді сараптама жүргізді, кері байланыс беруді меңгерді және әріптестерінің  сабақ  жоспарын  жазу  кезінде  жақсы  қырлары мен  кемшіліктерін  ортаға  салды. Өзара сын  айту, шынайы пікір  білдіру – алдағы  сабақты  жоспарлау  кезінде  олқылықтарды жібермеуге, қателіктерді  қайталамауға  жол  ашады. Сондықтан да  біздің  топтың  мұндай  жайларды дұрыс  қабылдауы  курс  жұмысының  табысты  аяқталуына  әкеліп  соққанын  қалыпты  жағдай  деп  қабылдағанымыз дұрыс. Кейбір жекелеген мұғалімдердің критериялды бағалау мен дескриптор құруда  қиналған  кездері  болды,  алайда «ұйымдасы білген ұтады» - демекші ол  мәселе де  ұйымшылдықтың  арқасында  оңай  шешілді.

              

       Жаңартылған бағдарламаның түпкі мақсаты мектеп бітірушінің әлеуметтік кескінін  бейнелейді. Ол – белсенді  азаматтық  ұстанымы бар, сыни  тұрғыдан  ойлай  алатын, жоғары  нәтижеге  қол  жеткізуге  асық  тұлға. Ал  ондай  тұлғаны мектеп  қалыптастырады. Мектеп  болашаққа бастайтын алғашқы  баспалдақ, ол  әр  адамға  қажетті өмірлік  дағдыларды меңгеруге  көмек  береді. Сол  болашаққа бастайтын  баспалдаққа жастарды  жетектеп, бейімдейтін  біз, мұғалімдер қауымы. Сондықтан  да  ұстаз  еңбегі  біздің  заманымызда үздіксіз  кәсіби  өсуді талап  етеді.

              

       Жаңартылған тұрғыда  білім беру  балаларды өмірде  өз  жолын  жазбай тануға  баулиды. Осыған орай біздің қоғамның барлық талаптарына сай клетін, бәсекеге қабілетті және функционалды сауатты жоғары ұрпақ тәрбиелеу – мектеп  пен ұстаздың  міндеті.

5.png1.jpg3.jpg4.png6.png2.jpg