Оқу мақсаты мен сабақ мақсатын сәйкестендірудің тиімділігі

       2019 жылдың 19 сәуірінде «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мен «Қарасай ауданының білім бөлімі» ММ бірлесе отырып, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы «Қарасай батыр атындағы орта мектеп мектепке дейінгі  шағын орталықпен» КММ базасында «Оқу мақсаты мен сабақ мақсатын сәйкестендірудің тиімділігі» атты республикалық семинар өткізді.
       Жиынға филиал директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Т.К.Ауелгазина, аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Ә.Жұрын және қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

              

       Іс-шара мақсаты – жаңартылған бағдарлама бойынша пәндерді оқытудағы оқу мақсаты мен сабақ мақсатын сәйкестендірудің тиімділігін  саралау арқылы өзара тәжірибе алмасу, құнды  ақпараттар беру арқылы тәжірибедегі проблемалардың шешу жолдарын табуға  әдістемелік көмек беру.
       Семинар барысында Қарасай ауданы, Ушинский атындағы орта мектеп қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиев  Д.А. «Күй аңызы»,  Еңбекшіқазақ ауданы, Д.Қонаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джамешева А.Т. “Ұлы ерлікке тағзым”, Қарасай ауданы, Қарасай батыр атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есимбаева Г.Д. “Балық  аулайды”, Белинский атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі “Шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдері”, Талғар ауданы, Бірлік ауылы №35 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Меліс Т.Б. Ас адамның  арқауы. Одағай түрлері тақырыптарында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, үлгілі сабақтар көрсетті. Сонымен қатар, шара аясында Қарасай ауданы, Белинский атындағы ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Молдажимова А.К. “Мәтінмен жұмыс дағдысын жетілдіру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану” атты шеберлік сынып өткізді.

              

       Жиын соңында институт директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары Толқын Құдайбергенқызы озық идеяларымен бөліскен мұғалімдерге құрмет грамотасы мен алғыс хат табыс етті.

5.png1.jpg3.jpg6.png4.png2.jpg