Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагог-психологтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту

       2019 жылдың 24-ші сәуірінде «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» аға оқытушысы Абдрахимова Жадыра Жолдасбековнаның ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагог-психологтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті.

                     

       Іс-шараны филиал директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы ашып, семинар жұмысына сәттілік тілеп, педагог-психолог оқытушыларға кәсіби құзыреттілігін дамытуда және шеберліктерін шыңдауда түрлі бағыттағы курстан тыс жүргізілетін іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
       Семинарға Қапшағай қаласынан және Жамбыл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу аудандарының 50-ден астам педагог-психологтары қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, мектеп оқушыларының  білім алуына және қажетті ақпаратқа қол жеткізуіне баса назар аудартатын баяндамалар, презентация, сабақ үлгілерін ұсынды, түрлі тренингтер өткізілді.

              

       Аталған семинар барысында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Абай атындағы орта мектебінің педагог-психологы Вильданова Эльмира Талгатовна «Обновление содержания работы психологической службы  в условиях формирования функциональной грамотности», Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарыбастау орта мектебінің педагог-психологы Жумабаева Гулим Нурланхановна «Тұлғаның ақыл ойын қалыптастыру әдістері» атты тақырыптарында таныстырылымдарын қорғап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
       Ал Алматы облысы, Қапшағай қаласының педагог-психологыСексембаева  Маржан Бауыржанқызы «Кәсіби құзыреттіліктерді  қалыптастыру ерекшеліктері» жайында баяндап, бақытты отбасы болудың негізін зерделеп, тренинг өткізді.

              

       Қапшағай қаласы №3 орта мектебінің педагог-психологтары  Ермуханова Салтанат Забитқызы, Сұлтанбекова Ботакөз Пәрімбекқызы мұғалімнің кәсіби мүмкіндігін дамыту жолдарымен бөлісті.
       Жамбыл ауданы, Т.Бокин атындағы орта мектептің педагог - психологы Тынышбаева Кумысай Толеновна тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың психологиялық мүмкіндіктеріне тоқталды.
       Алматы облысы, Кербұлак ауданы, Сарыөзек орта мектептің педагог-психологыЖексембекова Гулбану Кыдыралиевна«Формирование благоприятного психологического климата в коллективе» тақырыбында тренинг жүргізіп, қатысушыларға түрлі кеңестер берді.
       Облыстың семинар барысында Жадыра Жолдасбековна педагог-психологтердің кәсіби құзыреттілігін дамытып,оқушылармен және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың тиімді жолдарына психологиялық кеңес беріп,  жеке жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне тоқталып өтті.

              

       Облыстық семинарды  қорытындылай  келе Толқын Құдайбергенқызы іс-шараға белсене қатысқан педагог-психологтарға  Құрмет грамоталары мен сертификаттарды табыс етті.

5.png3.jpg4.png2.jpg1.jpg6.png