Жаңартылған білім беру мазмұны – оқушылар мен пән мұғалімдерінің ғылыми ізденістерін ұйымдастыру негізі

       2019 жылдың 06 мамыры күні Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сұңқар ауылындағы Сұңқар орта мектебінде "Өрлеу" БАҰО филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ» ғылыми эксперимент жоспары бойынша «Жаңартылған білім беру мазмұны – оқушылар мен пән мұғалімдерінің ғылыми ізденістерін ұйымдастыру негізі» такырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті.

              

       Семинардың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны аясында пән мұғалімдері мен оқушылардың ғылыми ізденістерін дамыту.
       Семинардың басталуы «Шаңырақ» этнопедагогикалық-ғылыми орталығының ашылу салтанатымен басталды. Сұңқар орта мектебінің оқушыларынан құрылған хор капелласы  Р.Әлқожаның «Атамекен» әнімен ашты.

              

       Іс-шараға облыстың  45  педагогі  қатысып, ғылыми жоба тақырыптары бойынша ғылыми ізденістерін ортаға салды. Сонымен бірге, осы мектептің 10 оқушысы мен Қарасай ауданының 2 оқушысы  6 бағыт бойынша ғылыми жобаларын корғады.
       Атап айтқанда, Сұңқар орта мектебінің 8-сынып оқушысы Жекен Анелдің «Диалект сөздер»,  3-сынып оқушысы Жүнсхан Ерханның «Таба нанның адам денсаулығына пайдасы» және 4-сынып оқушысы Хамит Арайдың «Рауғаштың адам ағзасына пайдасы» тақырыбындағы жобалары сәтті жұмыстардың  қатарында болды.

              

       Семинарға қатысқан мұғалімдер  атқарып жатқан жұмыстарындағы ғылыми ізденістері мен озық тәжірибелерін  көрсетті. Атап айтқанда, Жамбыл ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназиядан келген математик мұғалім Харасай Өркеннің  «Диафонт теңдеуі» атты жобасы, Панфилов ауданы Әулиеағаш орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі  Аширжанова Мархабаның «Жаркент Арасан» шипажайындағы  радон  суының  пайдасы мен ерекшелігі» атты жобасы көпшілік көңілінен шықты. Іс-шараға  институт директорынын инновациялық білім жөніндегі  орынбасары, саяси ғылымдарынын докторы, доцент Т.Қ.Ауелгазина мен институттын аға оқытушысы Л.Орманбекова, аудандық әдістемелік кабинеттің  аға әдіскері Рысмендиева Э.Н., әдіскер Мустапаева Н.Т., аудан мұғалімдері мен оқу-әдістемелік орынбасарлар  қатысты. Семинар соңы пікірталас болып, ұсыныстар айтылды.
       Іс-шара соңында институт директорынын инновациялық білім жөніндегі  орынбасары Толқын Құдайбергенқызы қатысушыларды Диплом, Грамоталар, Алғыс хаттар, сертификаттармен марапаттады.

 

 

Орманбекова Л.Ж.,
«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау»
кафедрасының аға оқытушысы

6.png4.png2.jpg1.jpg5.png3.jpg