«Бастауыш сыныптарды оқытуда заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығы»

       2019 жылдың  4 мамырында Ұйғыр  ауданы, М.Хамраев атындағы орта мектебінде  «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру»  кафедрасының аға оқытушысы Мухамадиева М.Н. «Бастауыш сыныптарды оқытуда заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығы» атты облыстық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

                     

       
Облыстық дөңгелек үстелдің мақсаты: Бастауыш сыныптарда пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,  өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру жолдарын жетілдіру. Бұл іс-шараға  Ескелді, Енбекшіқазақ, Талғар, Ұйғыр, Сарқан, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов, Жамбыл аудандарынан Текелі, Қапшағай қалаларынан 60-қа жуық бастауыш сынып мұғалімдері  қатысты.

                     

       Жоғарыда   аталған  аудандардан – Кулджасбаева А.Қ - Ұйғыр  ауданы, А.Розыбакиев атындағы орта мектебінен,  Сетиева М.М - Ұйғыр ауданы И.Молутов (Бахтия)  №3 орта мектебінен, Турсунова М.К - Ұйғыр ауданы Хамраев орта мектебінен,  Дараева А.М - Ұйғыр ауданы Таскарасу орта мектебінен, Даутова Г.Н - Ұйғыр  ауданы, №1 Шонжы орта мектебінен, Алаева М.Х - Панфилов ауданы  Жамбыл орта мектебінен, Джакупова А.Б - Кербұлақ ауданыКүреңбел қазақ орта мектебінен, Оңғарбаева А.Е. - Ескелді ауданы, Қаратал орта мектебінен, Қалбекова М.Е – Жамбыл ауданы  Абай атындағы  мектеп-гимназиясынан,  Керімқұлова Л.С – Жамбыл ауданы  А.Қарсақбаев атындағы орта мектебінен, Айсарова Г.А – Талғар ауданы №21  орта мектебінен, Әжібай Ж.Ә – Талғар ауданы №13  орта мектебінен,  Жандилова У.С - Қаратал  ауданы, Жылыбұлақ  орта мектебінен, Чулгауова Д.С – Қапшағай қаласынан, Бейсбек Д.М – Текелі қаласы №5 орта мектебінен өз  тәжірибелерімен  бөлісіп, шебер-сыныптар  өткізді.

                     

       Атап айтсақ: «Жаратылыстану пәнін оқытуда ғылыми   зерттеу дағдыларын дамыту жолдары», «Тәңлимиләрни йешиш», «Сауат ашу пәнін оқытуда қолданылатын тиімді әдістер», «Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу  пәнінде қолданылатын әдіс-тәсілдер», «Симметриялы және симметриялы емес жазық фигуралар», «1000 көлеміндегі сандар», Критериальное оценивание в начальной школе «Бастауыш сыныптарды оқытуда әдебиеттік оқу пәнінде  инновациялық технологияның тиімділігі»,  «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда АКТ-ның тиімді жолдары»,  Дүниетану пәні бойынша «Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?», «Сауат ашу пәнін оқытуда қолданылатын тиімді әдістер» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды, шеберлік-сыныптар көрсетілді.

                     

       Ұстаздар бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, пайдаланған тиімді әдіс – тәсілдеріне баса  назар  аударып, шеберліктерін  көрсете  білді. Белсенді әдіс-тәсілдерді, стратегияларды   пайдаланып, әріптестерінің   ықыласына бөленген  мұғалімдер семинар   мақсатына  жеткенін  көрсетті.
       Облыстық дөңгелек үстел нәтижесі  бойынша «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы М.Н.Мухамадиева қорытынды  шығарды. Іс-шара соңында қатысушылар семинарды  ұйымдастырушыларға  алғыстарын  білдірді. Облыстық дөңгелек үстел   қорытындысы бойынша белсене қатысқан ұстаздар «Құрмет грамотасы», «Алғыс хат» және сертификаттармен марапатталды.

  

«Мектепке дейінгі тәрбие және
тұлғаны әлеуметтендіру»
кафедрасының аға  оқытушысы
Мухамадиева М.Н.

2.jpg1.jpg3.jpg5.png4.png6.png