«Шет тілін оқыту мәселелері және Қолданбалы лингвистика»

       2019жылдың  02-04 мамыр күндері «Шет тілін оқыту мәселелері және Қолданбалы лингвистика» атты халықаралық конференциясы Ташкент қаласында РММ филиалы И.М.Губкин атындағы "Мұнай және газ" институт базасында "TRIELL Prof Education" University of International Studies және "ERIELL Prof Education" бірлесіп шет тілдерін оқыту әдістемесі, сондай-ақ қолданбалы лингвистика және әлеуметтік лингвистика мәселелері бойынша халықаралық конференция болып өтті. Конференцияның мақсаты шет тілін оқыту процесін жетілдіру үшін, сонымен қатар қазіргі тіл білімінің теориялық және қолданбалы аспектілері бойынша пікірталастар үшін ақпараттық алаң құру. "Көптілді тұлғаның шығармашылық әлеуеті: көптілділік факторының шет тілін оқыту үдерісіне әсері туралы мәселеге" ғалымдардың назарын қазіргі тіл білімінің (теориялық және қолданбалы) өзекті мәселелеріне аударуға бағытталған.

              

       Конференция алдына қойылған мақсаттар ана тілі және шет тілін оқыту әдістемесі, теориялық және қолданбалы лингвистика саласындағы маңызды бағыттарды көрсетеді.
       FLTAL-2019 аясында лингвистика, кросс-мәдени коммуникация және шет тілін (екінші) оқытудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ дәстүрлі және жаңа, жергілікті және әлемдік үрдістердің, прогрессивті және консервативтік көзқарастардың, тұрақтандыру мен тұрақсыздандыру үлгілерінің, ұлттық және жаһандық бірегейліктің динамикалық өзара іс-қимылын егжей-тегжейлі зерделеу жоспарланған.

              

              

       Конференция жұмысына курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының бас маманы Аблесенова С.Г. белсенді қатысты. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға халықаралық сертификат тапсырылді.

5.png6.png2.jpg3.jpg1.jpg4.png