«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ»

       2019 жылы 21 мамырда аталған тақырыпта Еңбекшіқазақ ауданы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің базасында облыстық семинар-практикум болып өтті.
       Семинардың мақсаты: Мәңгілік Ел құндылықтары мен Рухани жаңғыру аясында білім беру ұйымындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен Тұрар Рысқұловтың қайраткерлігі мен жергілікті тарихи жәдігерлердің бүгінгі қоғамдағы ролін насихаттау, ой бөлісу.

       Міндеттері:
       – Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, «Мәңгілік Ел», Рухани жаңғыру  жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыру;
       – Мәңгілік Ел құндылықтары негізінде мектеп оқушыларының қызметін дамыту бағытындағы мектептің іс-тәжірибесін насихаттау;
       – Қоғам қайраткері мен тарихи жәдігердің қоғамдағы ролі туралы мағлұмат беру;
       – Жергілікті жерге  байланысты  дәстүрлі қолөнер түрлерінен түсінік беру.

                     

                     

       Семинарға 59 педагог қатысты.

                     

       «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» саяси ғылымдарының докторы, доцент, директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары Ауелгазина Толқын Құдайбергеновнасеминарды салтанатты түрде ашып, семинарға қатысушыларды жұмыстың мақсат-міндеті және бағытымен таныстырып өтті. Мектеп директоры Сакалова Майнура Төлегеновна мектеп тарихы мен даму кезеңдері, мектеп жетістіктері жайлы баяндап өтті.

                     

       Семинардың теориялық кезеңінде «Психологиялық ахуалды қалыптастыру» тренинг, «Қалыптастырушы бағалау мен рефлексия арқылы оқушылардың бойында рухани құндылықтарды дарыту» оқыту әдістері, «Ұлттық өнер-рухани құндылығымыз» көрме, «Туған өлкем-тұнған шежіре» жобасы аясындағы зерттеу жұмыстары таныстырылды.

              

              

       Семинардың практикалық кезеңінде заманауи сабақтар, шеберлік сынып көрсетілімдері, мектептің«Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу, Рухани жаңғыру аясында атқарылып жатқан жүмыстар мен нәтижесітаныстырылды. Сондай-ақ, «Қоғам айнасы – жастар» салтанатты жиынөткізілді.

              

              

       Семинарға қатысушылармен «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Валиеваның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – білім мен тәрбиенің бастауы» тақырыбында дискуссиялық алаң ұйымдастырылып, пікір алмасу болды.
       Семинар атқарылған жұмыстарға аналитикалық талдау жасау, ой бөлісу, семинарға белсене қатысып, шығармашылық іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға институт директорының атынан ризашылық білдіру, алда атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар, тиісті нұсқаулар ұсынылуымен аяқталды.
     

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»
кафедрасының  аға оқытушысы, п.ғ.к. Валиева М. У. 

4.png3.jpg5.png6.png1.jpg2.jpg