Хабарлаймыз!

       «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Жедел жоспарына сәйкес 2019 жылдың 30 мамыр күні сағат 10.00-де «Білім және ғылымдағы инновациялар» тақырыбында ІІІ Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция (тікелей және онлайн-трансляцияда) өткізіледі.

              

       Конференцияны ұйымдастырушы: «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы.

       Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар (секциялар) бойынша ұйымдастырылады:
       - білім беру әлеуетін дамытудың тұжырымдамалық негіздері: дәстүрлер мен инновациялар;
       - Қазақстанның қазіргі даму жағдайында бірыңғай ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыру;
       - университеттік білім беру шеңбері аймақтық білім беру кластері ретінде;
       - білім беру пәндерін психологиялық-педагогикалық қолдау;
       - инклюзивті білім: теориядан тәжірибеге.

       Конференцияға қатысушылар: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері, қазақстандық, шетелдік ғалымдар, ЖОО ПОҚ, республикалық білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары және қызметкерлері, PhD докторанттар мен магистранттар.
       Өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қабылов көшесі, 50 үй, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ».

Мектепке дейінгі білім беруде Робот техникасын енгізудің тұжырымдамалық негіздері

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болып жатыр. Бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының жаңартылуымен байланысты. Мектепке дейінгі білім беру техниканың жаңа жетістіктерін меңгеріп, өз бетінше жасауға қабілетті, креативті ойлай білетін шығармашыл адам тәрбиелеуді алдына мақсат етіп қояды. Білім беру жүйесіндегі маңызды өзгерістердің бірі – оқу үдерісінде робототехниканы қолдану болып табылады.

Толығырақ →

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жиынтық бағалау жүйесінің ерекшеліктері

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жедел жоспарына сәйкес «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 07 ақпанда «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жиынтық бағалау жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Толығырақ →

«Абайтану» курсын оқытудың әдістемелік негіздері

«Абайтану» курсы – білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың әдістемелік негізі» тақырыбында қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Толығырақ →

Жаңартылған оқу бағдарламасы шеңберінде оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау

2020 жылғы 04 ақпанда Алматы облысы, «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Көлащы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Жаңартылған оқу бағдарламасы шеңберінде оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.

Толығырақ→

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында сабақты тиімді жоспарлауда белсенді оқыту стратегияларын пайдалану жолдары

2020 жылғы 30 қаңтарда «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы облысы бойынша біліктілікті арттыру институты мектепке дейіңгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы А.А. Шолпанкулова «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында сабақты тиімді жоспарлауда белсенді оқыту стратегияларын пайдалану жолдары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Іс-шараға институттың 25 аға оқытушылары қатысты.

Толығырақ →

Робототехника – заман талабы

Жыл сайын компьютер бүкіл әлемде танымал болып келеді. Қазақстан дамыған елдердің қатарына кіру мақсатында ғылыми-техникалық прогрестің осы маңызды бағытынан артта қалып отырған жоқ. Робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым болып табылады.

Толығырақ →
5.png4.png6.png1.jpg3.jpg2.jpg