«Білім және ғылымдағы инновациялар»

Хабарлаймыз!

       «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Жедел жоспарына сәйкес 2019 жылдың 30 мамыр күні сағат 10.00-де «Білім және ғылымдағы инновациялар» тақырыбында ІІІ Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция (тікелей және онлайн-трансляцияда) өткізіледі.

              

       Конференцияны ұйымдастырушы: «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы.

       Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар (секциялар) бойынша ұйымдастырылады:
       - білім беру әлеуетін дамытудың тұжырымдамалық негіздері: дәстүрлер мен инновациялар;
       - Қазақстанның қазіргі даму жағдайында бірыңғай ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыру;
       - университеттік білім беру шеңбері аймақтық білім беру кластері ретінде;
       - білім беру пәндерін психологиялық-педагогикалық қолдау;
       - инклюзивті білім: теориядан тәжірибеге.

       Конференцияға қатысушылар: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері, қазақстандық, шетелдік ғалымдар, ЖОО ПОҚ, республикалық білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары және қызметкерлері, PhD докторанттар мен магистранттар.
       Өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қабылов көшесі, 50 үй, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ».

5.png6.png1.jpg2.jpg3.jpg4.png