Жастар – қоғамның қозғаушы күші

       2019 жылдың 29 мамыры күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы ПҚ БАИ» ұйымдастыруымен «Жастар – қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында облыстық дискуссия өткізді.
       Іс-шараға филиалдың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, Алматы облысының жас ұстаздары қатысты. Жиынды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина ашты және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»аттыҚазақстан халқына Жолдауында «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», - деп атап көрсетілгендей, үстіміздегі жыл – Жастар жылы екендігіне тоқталып өтті.

                     

       Дискуссия барысында Панфилов ауданы МКҚК «Шамшырақ»  балабақшасы әдіскері Садыкова Жадра Турсуновна өз сөзінде: Қазақстандық қоғамдағы жастардың мүддесін кешенді қолдау - мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Өз кезегінде жас мамандарға арналған еліміздегі «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы», «7-20-25: Қолжетімді баспана бағдарламасы» сияқты бағдарламалар қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Осылайша, ауыл мектептеріне жас педагогтерді тұрақтандыруға қол­дау көрсетіліп жатқанындығы туралы ойларымен бөлісті.
       Жас педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру - білім берудегі түйінді міндеттердің бірі. Осымен байланысты іс-шараға қатысушы жас мамандар «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы ПҚ БАИ» тәжірибелі тренерлері мен әдіскерлерінің облыстың жас мамандарына кәсіби қолдау көрсетіп, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, курсаралық оқу және әдістемелік жұмыстарды қамтамасыз ету жолында кешенді іс-шаралардың жүргізіліп жатқандығы жайлы өзара пікір алмасты.

                     

       Осылайша, Жастар жылының ең басты мақсаты – өскелең ұрпақтың барынша сапалы өмір сүруіне қажетті жағдай жасау болып табылады.  Ағымдағы жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы – еліміздегі жастар саясатына ерекше екпін, жаңа серпіліс сыйлайтыны анық.

1.jpg6.png2.jpg4.png3.jpg5.png