Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында нәтижеге бағытталған оқытуды ұйымдастыру

       26 тамыз 2019 жылы, Жамбыл ауданы, Абай атындағы гимназияда «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында нәтижеге бағытталған оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында  секция жұмысы өтті. Секция жұмысына «Инновациялық білім беру және  ақпараттық технологиялар» кафедрасының тренері, аға оқытушысы Л.Д.Адыбаева, аудандық оқу әдістемелік орталық әдіскері Г.Т.Адилова және геграфия пәні мұғалімдері қатысты.

              

              

       М.А.Тиктенбаев Сұңқар орта мектебінің директоры және А.Байгазиева Т.Бокин атындағы орта мектептің мұғалімі секция жұмысын жүргізіп, мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.
       Жұмыс барысында  А.Н.Рахимова, Г.М.Қозбағарова, Т.У.Омарбаева, А.Болатхан жаңартылған білім беру мазмұнын  жаңарту жағдайында география пәнінің ерекшеліктері, қалыптастырушы және жиынтық бағалау, мұғалімдердің зерттеушілік құзіреттілігін дамыту жолдарын талқылап,  өлкетану курсы және 9-10 сыныптардың оқу бағдарламасын таныстырды. Мұғалімдер секция жұмысына кері байланыс беріп, сауалнамалар толтырды.

 

Адыбаева Ләззат Дүнгенбайқызы
«Инновациялық білім беру және ақпараттық
 технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы

5.png3.jpg2.jpg1.jpg4.png6.png