ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА МІНДЕТТЕР

       2019 жылдың қыркүйек айының 5-і күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебіне «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» «Рухани жаңғыру – мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар аясында әлеуметтендірудің негізі» атты ғылыми эксперимент бойынша институттың үйлестірушісі, Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Орманбекова Ләззат Жекенқызы ат басын бұрды. Ләззат Жекенқызы ұстаздарды алғашқы оқу жылымен және  Қазақстан Халқы тілдер күнімен құттықтай отырып, ұстаздармен пікір бөлісті. Сонымен бірге қазақ халқының біртуар ұлы А.Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан Халқы тілдер күніне орай оқушылармен өткізілген іс-шараға қатысты.

              

       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауына тоқталып өтті.
       Жолдауда айтылған қоғамдық келісімді нығайтуда әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісімнің маңыздылығын айта отырып, Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі -ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екендігі және де мектептегі «Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын» жайлы ақпарат беріп, бүгінгі жаhандану жайлап бара жатқан қоғамда білім беру үрдісі түбегейлі өзгертуді қажет ететіндігін тілге тиек етті.
       Қоғамдағы адамдардың кез-келген жағдайға дайын, өзіндік пікірі қалыптасқан, проблемалық әрекеттен жол таба білетін тұлға болуы қажет екендігі осы тұрғыда білім берудегі негізгі мақсат әрбір оқушыға өзіндік қабілетіне қарай жеке дара көмек көрсету болып табылатынын айтып өтті.
       Алдағы жылға да көптеген іс-шаралардың жоспары құрылғандығы, ұстаздар мен оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмысын тиімді әрі жүйелі ұйымдастыру керектігі жайлы сөз қозғады.

              

       Ләззат Жекенқызы мектеп басшысы Ахметова Римма Әуесханқызына және барша ұжымға алғысын айта отырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
       Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Ақтамқулова Күлжан Мұхамеджановна былтырғы жылдың нәтижесіне тоқтала отырып, «Жаңартылған білім беру мазмұны ­ педагогтердің ғылыми ізденістерін ұйымдастыру негізі» тақырыбында өткен облыстық ғылыми-әдістемелік семинар жайлы сөз қозғады. Семинарда Алматы облысының мұғалімдері Д.А.Қонаев мектебінің оқушылары ғылыми жобаларын қорғап, тәжірибе алмасып, жетістіктерге жеткендігін және биылғы жаңа оқу жылына да мектеп ұстаздары мен оқушылар үлкен құлшыныспен дайындық үстінде екендігін айтып өтті.

 

Сейдаметова Наргиза,
Еңбекшіқазақ ауданы Д.Қонаев атындағы
 орта мектебі директорының
 ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

4.png2.jpg5.png6.png1.jpg3.jpg