Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында инновациялық іс-әрекеттерді жүзеге асыру жолдары

Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында инновациялық іс-әрекеттерді жүзеге асыру жолдары

   
     «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ» «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Туралбаева Алмаш Тұрғанбайқызының жетекшілігімен өтіп жатқан «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жобалау» тақырыбындағы қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары  Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылындағы  «Балапан» бөбекжайына көшпелі тәжірибелі сабаққа қатынасты.

      Сабақты ұйымдастыру барысында бөбекжай меңгерушісі Е.Е.Сапранова мекеменің әдістемелік ерекшеліктерімен таныстырды, сондай-ақ, тыңдаушылар тәрбиеші Ж.С.Наурызованың ұйымдастыруындағы бүлдіршіндермен өткізген «Біздің ортақ үйіміз» атты оқу қызметіне қатысып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

      Алматы облысындағы «Балапан» бөбекжайының ерекше тұстарын атап өтуге болады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалардың ерте зияткерлік дамуы, ойын техникалары арқылы есептеуге және математика негіздеріне үйрету әдістемелері, ойлаудың алгоритмикалық мәдениетін дамыту, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы жобалау әдістемесін жүргізетіндігін байқауға болады. Бөбекжайда сенсорлық кабинет орналасқан. Бұл кабинеттегі құм терапиясы, виброоптикалық перде (сухой душ), тактильді тақта, түрлі аквариумдар және т.б. педагогтерге білім беру салаларын кіріктіру қағидаты бойынша білім беру үдерісін жобалауға, ұйымдастырылған оқу қызметін құрылымдауға көмектесетіні анық. Оқу қызметтерін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері:  арт-сынып, дизайн-студия жұмыс атқарады. Сонымен қатар, мекемеде әдебиет пен музыка арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістері жүйелі жолға қойылғанын айта аламыз.

6.png4.png1.jpg2.jpg3.jpg5.png