Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасын арттыру кепілі

       2019 жылғы 16-27  қыркүйек аралығында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» «Қазақстан Республикасында көптілді білім беру және білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс басталды (курс жетекшісі – Саметова Жайна Хадиронқызы).
       Тыңдаушыларға қазақ тілін деңгейлік оқытудың тұжырымдамалық негіздері мен әдіснамасы; жаңартылған білім мазмұнында тілдік дағдыларды (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым түрлері) байланыстыра оқытудың маңызы; жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қазақ тілін деңгейлік оқытуда орта, қысқа мерзімді жоспарлау үлгілерін тұжырымдау; оқыту мақсаттары (мақсатты тұжырымдау, СМАРТ мақсаттар); қазақ тілін деңгейлік оқытуда мәтін сауаттылығын сыни ойлау арқылы меңгерту тақырыптары бойынша дәріс, тәжірибелік сабақ, тренинг жүргізіледі.

              

              

       Топтың басым бөлігі жас мамандар. Біразы бұған дейін деңгейлік және жаңартылған білім мазмұны бойынша курстардан өткен. Мұндай аралас топта жұмыс жүргізу қызықты, әрі қиын. Десе де, мақсат айқын, міндеттер белгіленген, жоспар құрылған. Білім алушылардың әлеуетін ескере отырып, нәтижеге бағдарланған іс-шаралар ұйымдастырылуды қолға алу маңызды.
       Бір қуанарлығы – ұстаздардың біліктіліктерін арттырып, білімдерін тереңдетуге, тәжірибелерін шыңдауға белсенділіктерінің жоғарылығы. Барша тыңдаушыларға білім қоржыны жаңа идеялармен толықсын және жаңа леппен мектептеріне оралсын деген ізгі тілегіміз бар. Сәттілік!

5.png3.jpg2.jpg1.jpg4.png6.png