РОБОТОТЕХНИКА НЕГІЗДЕРІ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА ДЕЙІН

       2019 жылдың 27 қыркүйеккүні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Операциондық жоспары бойынша «Инновациялық білім беру мен ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен «Робототехника негіздері: теориядан практикаға дейін»атты облыстық көрме өтті. Көрмеге Ақсу, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Іле аудандарынан және Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалалары мен облыстық Ш.Смағұлов атындағы мектеп-интернатынан математика, физика және информатика пәндері бойнша 22 мұғалімдер мен 39 оқушылар қатысты.
       Көрменің мақсаты – Алматы облысы аймағында робототехникадан элективті курстарды танымал ету және мұғалімдер мен оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрменің
міндеттері:

1.                        Оқу роботтарын модельдеу және бағдарламалау саласында тәжірибе алмасу үшін ашық алаң құру.
2.                        Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы ретінде STEM технологияларын қолдануды кеңейту.
3.                        Робототехника мұғалімдерінің жалпы кәсіптік қоғамдастығына интеграция жағдайындағы мұғалімдердің қызметін қолдау және ынталандыру.

Көрмені «Өрлеу» «БАҰО» филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары, с.ғ.д., доцент Толқын Құдайбергенқызы Ауелгазина салтанатты түрде ашты.

                     

                     

                     

       Көрме барысында оқушылар мұғалімдерінің жетекшілігімен жасаған өздерінің роботтарымен таныстырды. Көрмеге ұсынған роботтарды түрлері: «Парктроник, Метеостанция», «ГироБой, Күшік робот», «Қозғалмалы робот», «Сумо робот», «Кегельринг», «Робот суретші», «Ardruino робот», «STEM Bilim», «СМАРТ Асхана», «Жүргізушісіз көлік», «Робот-исследователь», «Өздігінен бағытталған желдеткіш Ардуино нана», «Фабрика вертушек», «Робот спортшы», «Робо – cutting», «Әскери көлік: танк», «Сырғытпа жол», «Эксковатор», «Аэроглиссер», «Музыкалық аспап: пианино», «Тазалық сақшысы», «Ауылдағы көше жарығы», «Ауылшаруашылығы автокөлігі», «Құрылыс роботы», «Комбайн, Тегістеуші робот», «Ақылды машина», «Әскери барлаушы робот» және «Сызық бойынша қозғалу».

                     

       Көрмеге ұсынылған жұмыстарды директорының ҒӘЖЖ орынбасары Т.Ауелгазина және «Инновациялық білім беру мен ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі А.Мустафаев, аға оқытушылар: М.Бөденбаев, Н.Жакыпова, Г.Джарылгамысова, Ф.Каракушекова аралап, оқушылармен, мұғалімдермен сұқпаттасып жұмыстары туралы оң бағаларын беріп, шабыттандырып отырды.

                     

       Көрме нәтижесінде қатысқан мұғалімдер болашақта осындай іс-шаралардың көбірек ұйымдастырылып, жасалып жатқан жұмыстар туралы ой бөлісіп, байқау түрінде де ұйымдастырылып отыруына ұсыныс берді. Көрме қатысушылыры бір-бірінің іс-тәжірибелерімен танысып, құнды ақпараттар алды. Көрме бағдарламаға сай өткізіліп, жоспарланған жұмыстар толығымен іске асты.

6.png4.png1.jpg2.jpg5.png3.jpg