«Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру және өткізу»

       2019 жылғы 16-27 қыркүйек аралығында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих, география, биология, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында курс жетекшісі Мамытова Шолпан Жорахановнаның басшылығымен жоспарланған курс өтті.
       
Курс тыңдаушылары: Оқушылардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру. «Ауылдағы 2 апта» және «Ата-ананың кәсіпорынындағы 10 күн» жобалары, «TEDxNIS» и «Wikipedia» клубы өз Отанының патриоты мен азаматын тәрбиелеу құралы ретінде («Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ тәжірибесінен) тақырыбында тәжірибелік сабақ мақсатына сәйкес мұражайларға барды.

                     

                     

       Тыңдаушыларға «Өлкетану» базалық бағытындағы республикалық жобаларын жүзеге асыру аясында өңірдің тарихи үдерісін бағалаудағы өлкетану курсының мәні («Алтын адам», «Менің елім Қазақстан», «Елімнің шежірелі байлығы», «Тарих мұрасы», «Ұлттық қазына», «Табиғат бесігі»). Шағын сабақ негізінде басқарушылық қызмет фрагменттерін панорамалық қорғау» тақырыптары бойынша дәріс, өз ара тәжірибе алмасу сабақ, тренинг жүргізілді.
       Сессия соңында рефлексия жасалып тыңдаушыларға керібайланыс ұсынылды. Курс тыңдаушыларының  біліктілігін жетілдіруге ынтасы, ішкі уәждерінің басымдығы курстың нәтижелі болуына ықпал етіп нәтижелі болғандығы берілген керібайланыста көрініс тапты. Кіріктірілген өлкетану курсында алған білімдерін жас ұрпаққа білім беруде әріптестерге сәттілік.

5.png1.jpg6.png3.jpg4.png2.jpg