«Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» Республикалық байқауына дайындық аясында мұғалімдермен кездесу

       Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл. Өйткені, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай жас педагогтерге кәсіби қолдау көрсету және тәжірибеге бағдарлау, педагогикалық шеберлігін жетілдіру бойынш әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» бейне-сабақтар мен бейне дәрістер Республикалық байқауына дайындық аясында 2019 жылы 26 қыркүйекте «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Н.Б.Жақыпова Ш.Смағұлов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған физика-математика бағытындағы мектеп-интернатының физика, математика және информатика пәні мұғалімдерімен кездесу өткізді.

                     

                     

                     

                     

       Кездесу барысында Н.Б.Жакыпова байқаудың өткізу тәртібі мен ережелерін түсіндіріп, конкурсқа қатысушыларға консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде бейнематериалдың түріне және оларға қойылатын техникалық талаптармен таныстырды.
        «Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» бейне-сабақтар мен бейне дәрістер байқауына қатысуға үміттенген мұғалімдермен конкурс жөнінде түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, мектеп мұғалімдері қызығушылық тудырған барлық сұрақтар бойынша сараптамалық кеңестер алуға мүмкіндік алды.

6.png2.jpg4.png3.jpg1.jpg5.png