«Өрлеу» «БАҰО» АҚФ Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ тұрақты даму үшін 21 ғасырдың негізгі құзыреттілігін енгізуге бағытталған жобамен жұмыс

 2019 жылдың 02-04 қазан күндері «Өрлеу» «БАҰО» АҚ  оқытушылары мен тренерлеріне Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік кеңсесімен бірлесіп, тұрақты дамудың 21-ші ғасырдағы негізгі құзыреттерін енгізуге бағытталғаноқыту семинары ұйымдастырылды.

        Семинарда Жобалық шеберхана тұжырымдамасы мен бағдарламасы таныстырылып, өзекті мәселелер қаралды.

        Семинардың өзектілігі: 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Саммитінде әлемдік қоғамдастық 17 тұрақты даму мақсаттарын (SDGs) қамтитын 2030 тұрақты даму күн тәртібін бірауыздан мақұлдағаны айтылды. Семинар-тренингте Қазақстандағы ЮНЕСКО өкілі, халықаралық тренер Зейнолла С.Ж., «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ ШҚО ПҚ БАИ тренері Карибаева А.М. дәріс оқып, тренингтер өткізді. Семинар-тренингке  ЮНЕСКО-ның Алматы қаласы бойынша білім беру секторының өкілі, ҚХР-дан келген Сюй Миншунь қатысып, бағалау жүргізіп  отырды. Жаһандану жағдайында азаматтық білім беру мәселелері бойынша ұлттық орталықтың оқытушылары мен тренерлері әлемдік білім берудегі өзекті тақырыптар бойынша дәрістер тыңдап, тренингке қатысты. Бұл шараға «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ тренерлері Жақыпова Н.Б., Орманбекова Л.Ж., Токтасынова А.Т., Болсынбаева А.Дж., Джарылгамысова Г.С. қатысып, біліктіліктерін арттырды. Әлемдік білім берудегі озық тәсілдерді біліп, оқытудағы алдыңғы қатарлы  компьютерлік бағдарламалар Powtoon.com, Kohoot.com, Canva com, Menti.сom, Plickers.com, Quizlet.com, Padlet.com қолданып, тәжірибелік сабақтарға қатысты.

        Семинар - тренинг белсенді дәріс, дискуссия, рөлдік ойындар, шағын топтардағы жұмыс, сауалнама мен тестілеу, тренинг форматында өткізіліп, тыңдаушылар білімнің тұрақты дамуындағы өзекті құзыреттіліктерді меңгерді.

        Семинардың аяқталуы бойынша сертификат алу үшін әрбір қатысушының үлесі негізгі құзыреттілік пен ТБЖ дамыту шеңберінде оқушыларға арналған оқу материалдарын, кейстерді, интерактивті тесттер мен өзекті жобаларды әзірлеу және әрі қарай практикалық зерттеуді қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

2.jpg3.jpg4.png6.png5.png1.jpg