Смарт – білім беру: әдістемелер мен технологиялар қоры

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология және әлем тілдері факультеті «Лингвоарна» ҒЗЖОӘ орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 20 қарашасында «Смарт – білім беру: әдістемелер мен технологиялар қоры» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік ОНЛАЙН-семинар өткізілді.
ОНЛАЙН-семинар жұмысының басты бағыттары:
  • тиімді әдіс-тәсілдер арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру;
  • білім беру саласындағы электронды оқытуды дамытудың жолдары.

         Іс-шараны ф.ғ.к., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология және әлем тілдері факультетінің «Лингвоарна» ғылыми зерттеу және оқу-әдістеме орталығы директоры Қрабаева Ханшайым Әбдутәліпқызы ашып, бұл мәселе еліміздің білім беру саласындағы көкейтесті жайт екендігін атап өтті. Семинар жұмысына Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық білім беру мен ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Жакыпова Назима Балапановна қатысып, «Оқытуды саралау» тақырыбында баяндама жасады.

   Тақырып бойынша өзекті проблемалар талқыланып, қатысушыларға тиімді интербелсенді әдістер ұсынылып, оқушылардың шығармашылығын арттыру барысында жан-жақты іс-тәжірибелерімен бөлісіп, аталған тақырып аясында семинарға қатысушы әріптестер өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.


3.jpg1.jpg5.png6.png2.jpg4.png