Ана тілі негізінде көптілді білім беру: сапа мен тұрақтылықты қамтамасыз ету

    2019 жылдың 18-22 қараша күндері Қырғызстан Республикасы, Ош қаласында ЕҚЫҰ аз ұлттар істері жөніндегі жоғары комиссарының қолдауымен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының ұйымдастыруымен «Ана тілі негізінде көптілді білім беру: сапа мен тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында пилоттты мектеп басшылары және пән мұғалімдерінің қатысуымен халықаралық семинар-тренинг болып өтті.

    Семинар бағдарламасының мақсаты: көптілді және көпмәдениетті білім берудің әртүрлі аспектілері бойынша тәжірибе алмасу: көптілді білім беру бағдарламаларын жоспарлау, енгізу және бағалау, ана тілі және екінші тілді оқыту әдістемесі, пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL), көптілді мектепте жұмыс істеу үшін педагогикалық кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру, көптілді бағдарламалар шеңберінде оқушылардың құзыреттілігі мен білім беру нәтижелерін бағалау мәселелері.
   Аз санды ұлттар жоғары комиссары Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) бұл білім бағдарламасы әлеуметтік интеграция  және Орта Азиядағы аз санды ұлттарға білім беру, өңірдегі елдердің көптілді және көпмәдениетті білім беру мәселелері бойынша ортақ жобаларын жүзеге асыру, педагог қызметкерлерге екінші тілді оқыту әдістемесін түсіндіру, пәндік-тілдік кіріктіріп оқытудағы бақылаушылық потенциалды жетілдіру, біліктілікті арттыру курстары арқылы көптілді және көпмәдениетті менеджмент мәселелерін дамытуға арналды.
Семинар – тренингте ЕҚЫҰ эксперті Стоянова Атанасия Петровна күтілетін нәтижелерге тоқталып өтті.
* ЦУР4 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін құзыреттілік негізінде көптілді және көпмәдениетті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасады;
• өз қызметін талдау және бағалау, жаңа жағдайларда табысты тәжірибені бейімдеу дағдыларын дамыта алады;
* құзыреттілік тәсіл негізінде көптілді және көпмәдениетті білім беру жағдайында диагностика мен бағалаудың бағдарламаларын, Оқу материалдары мен құралдарын әзірлеу тәжірибесін жетілдіреді;
* өздерінің кәсіби байланыстарын кеңейтеді және нығайтады және ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді түсінеді;
* көптілді және көпмәдениетті білім берудің түрлі аспектілері бойынша нұсқаулық-әдістемелік материалдар әзірлейді;
* ЕҚЫҰ ШҚНМ Орталық Азия білім беру бағдарламасының(ОАОП) үшінші кезеңі шеңберінде мектептердің, жоғары оқу орындарының және мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталықтарының өңірлік желісі мүшелері арасындағы одан әрі ынтымақтастық тетіктерін талқылайды.
Өңіраралық мектеп жұмысының соңында ЕҚЫҰ АҰЖК ОАББ аймақтық менеджері Саирова Гюльназ семинар қатысушыларына алда болатын семинарлар жайлы айтты. Осы іс-шараға «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «АОПҚБАИ» «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі Р.Ұ.Арзиев пен  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасы курстан кейін қолдау лабораториясының бас маманы С.Г.Аблесенова қатысып, серитификатқа ие болды.

5.png3.jpg2.jpg1.jpg4.png6.png