Абыройлы басшы, биіктерді бағындырған ғалым

        «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ Алматы облысы бойынша ПҚБАИ ұжымы институт директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кенесбаев Серік Мұқтарұлын 60 жасқа толған мерейлі жасымен шын жүректен құттықтайды! Сізді көпшілік ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым, парасатты басшы ретінде қадірлейді.

                     

       Сіз ғылым жолында ыждаһаттылықпен іргелі зерттеулер жүргізіп, көрнекті ғалым ретінде 170-ке жуық іргелі ғылыми жарияланымдардың авторысыз. Сонымен қатар, ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында жемісті еңбек етіп, 2 ғылым докторына, 4 PhD докторына, 5 ғылым кандидатына ғылыми  жетекшілік жасап, кәсіби ғалым ретінде жемісті еңбек етіп келесіз. 
       Әр жылдары еліміздің іргелі жоғары оқу орындарында кафедра меңгерушісі, факультет деканы, проректор қызметтерін абыроймен атқарып, мыңдаған мамандардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қамқорлық жасап, үлкен өмірге жолдама беруге зор үлесіңізді қостыңыз. Мерейтойыңыздың қарсаңында Сіз өмірге келген туған өлкеңіздің, яғни, Алматы облысы, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы» атағын иемденуіңіз – жемісті еңбек жолындағы жетістіктеріңіздің тамаша бір көрінісі екендігі сөзсіз.

                     

       Бүгінде Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында басшылық жасап, білікті ұйымдастырушылық қырынан көрініп келесіз. Облыс аумағындағы педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған ыждаһаттылықпен атқарып отырған игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта бергей!
       Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз!

6.png5.png3.jpg4.png1.jpg2.jpg