Білім беру үдерісіндегі жаңартылған білім мазмұнының қолданбалы аспектілері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» «БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

Білім беру үдерісіндегі жаңартылған білім мазмұнының қолданбалы аспектілері

     2018 жылдың 2 шілдесі күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жоспарына сәйкес «Білім беру үдерісіндегі жаңартылған білім мазмұнының қолданбалы аспектілері» атты ІІ республикалық ғылыми-әдістемелік педагогцентризм болып өтті.

   ІІ республикалық  ғылыми-әдістемелік педагогцентризмнің мақсаты: білімнің  жаңартылған  мазмұны  жағдайында  ғылым  мен  практикалық  байланысы  арқылы  өзара  тәжірибе  алмасу, әдістеменің  тиімділігіне  тұжырымдамалық  аппарат  құру.

   ІІ Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогцентризмнің пленарлық мәжілісін - «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры, п.ғ.д., профессор С.М.Кенесбаев ашып, ой-пікірімен бөлісті.

ІІ  республикалық  ғылыми-әдістемелік педагогцентризм 3 кезеңді қамтыды. Олар:

- МАД және бастауыш сынып мұғалімдері ғалымдар мен оқулық авторларымен ынтымақтастықта ықшам сабақтар көрсетуге мүмкіндік алды. Мұнда оқулық авторлары п.ғ.д., профессор С.Н.Жиенбаева, п.ғ.д., профессор А.Е.Жұмабаева, п.ғ.к. З.Муфтибекова, п.ғ.к., доцент Л.А.Лебедева және т.б. оқулық авторлары жаңартылған білім мазмұны бойынша жарық көрген оқу-әдістемелік кешендермен таныстырып, практик мамандармен ықшамсабақ өткізді.

- ғылыми-әдістемелік педцентризмде МАД және бастауыш білімнің жаңа мазмұнында түзілген оқулықтар (Атамұра және Алматыкітап баспалары бойынша апробациялық жобадағы және қолданыстағы, қолданысқа енетін оқулықтар) көрмесі ұйымдастырылды. Алматыкітап баспасының басқарма бастығы Б.Б.Шакиева баспадан жарық көрген барлық оқулықтардың кешенімен таныстырса, Атамұра корпорациясыбойынша Э.О.Оспановалар корпорацияның баспа жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, іс-шараның ІІІ-ші кезеңінде оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жұмыстары жайлы іс-тәжірибе алмасу (таныстырылым) жұмыстары бойынша тыңдалым жасалынып, талқыға түсті. 

    ІІ Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогценртизмге жалпы саны 220-дан астам «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Республикалық, Алматы қаласы, Ақмола облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Павлодар қаласы, Павлодар облысы, Алматы облысы филиалдарының ғалымдары мен оқытушылары, облыстық, аудандық/қалалық білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, МАД педагогтері қатысып, аталған тақырып аясында 60-қа тарта баяндамашы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тың ойлар айтып, пікірлерін білдірді.

5.png1.jpg6.png3.jpg2.jpg4.png