20.03.2018

М.МОНТЕССОРИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША  БАЛАНЫ ДАМЫТУ 

   2018 жылдың 15 наурызы күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық  тұрғыдан  қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы Анар Қайролдаеваның ұйымдастырумен Алматы облысы, Талдықорған қаласының №4 бөбекжай балабақшасынының базасында мектепке дейінгі  мекеме  меңгерушілері  мен  әдіскерлеріне  және  тәрбиешілерге  арналған   «М.Монтессори педагогикалық жүйесі бойынша  баланы дамыту» атты облыстық семинар-практикум өтті. Аталған шараға 28 мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері қатысты.

Семинардың мақсаты:Мектепке дейінгі білім беруде М.Монтессори педагогикалық жүйесін пайдалана отырып тәрбиелеу мен оқыту ісін жоғарғы деңгейге көтеру және тәрбиеленушінің шығармашылық қабілетін дамыту.

    Облыстық семинар жұмысы барысында мектепке дейінгі мекемелерде  іс-әрекетті ұйымдастыру және оқу қызметін жүргізу, М.Монтессори педагогикалық жүйесін тиімді пайдалану жолдары, тренингтер, ашық сабақтар көрсетіліп, қатысушылар өзара іс-тәжірибе алмасты. 

Семинар жұмысының нәтижесінде іс-шараға қатысушы тәрбиешілер, әдіскерлер мен мектепке дейінгі мекеме басшылары, заманауи педагогикалық технологиялар бойынша көкейкесті мәселелер мен негізгі тақырыптар бойынша өздерінің білімдерін жетілдіре түсті. 

5.png2.jpg4.png3.jpg1.jpg6.png