13.03.2018

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – БІЛІМДІ ЕЛ БОЛУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ 

   2018 жылдың 12 наурызы күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» ұйымдастыруымен Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің базасында «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты облыстық семинар өтті.

     Семинардың мақсаты – жоспарлауды мектеп тәжірибесінде қолдануға ықпал ететін әдістемелік ұсыныстар беру арқылы жаңартылған бағдарлама бойынша оқуды іске асыру мақсатында мұғалімнің кәсіби дамуын жетілдіру.

    Семинар жұмысы аясында эксперимент жұмысына қатысатын білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен бірге «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына экскурсия жүргізілді. Экскурсия жұмысына «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы және филиалдың аға оқытушылары Абдикаликова Берікгүл Төлепбергенқызы, Абитова Зайтуна Тастановна және курс тыңдаушылары қатысты.  

    «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» ұйымдастыруымен2016-2019  жылдары аралығында Алматы облысындағы арнайы белгіленген білім беру мекемелерімен «Оқу – тәрбие үдерісіне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау»  тақырыбында эксперимент жұмыстары өткізілуде. Эксперимент жұмысының үйлестірушілері – тренерлер Абдикаликова Берікгүл Төлепбергенқызы, Абитова Зайтуна Тастановна.

    Зерттеу базасындағы эксперимент жұмысы жүргізілетін мектептер: Алматы облысы, Алакөл ауданы Сапақ шағын жинақталған орта мектеп; Жамбыл ауданы Жайсаң орта мектебі; Еңбекшіқазақ ауданы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп.

 

    Еліміздің ұлттық символдарының біріне   Елбасының қолдауымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында 2011 жылдың 10 маусымында ресми ашылған «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы жатады. 

    «Есік» қорық-мұражайының аумағына сақ ақсүйектері мен қарапайым қауым мүшелерінің жерлеу жоралары мен мекендері орналасқан. Осы қорғандар тобына 4 мыңнан астам сақ дәуіріне жататын алтын бұйымдар табылған Есік қорғаны да кіреді. Ол Алматы қаласынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан.

   Экскурсия жұмысы барысында қатысушылар «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайындағы құнды жәдігерлер, «Алтын адам» экспонаты, Рахат және Өрікті қала-жұрты және басқа да музей экспонаттарымен танысты.

6.png5.png2.jpg1.jpg3.jpg4.png