12.02.2018

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

   Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық «Жетісу» газетінің ағымдағы жылдың 6 ақпанындағы №15 (18435) санында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлер біліктілігін арттыру институты» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Cерік Кенесбаевтың  «Жаңа мүмкіндіктер бастауы» атты мақаласы жарық көрді.

   Аталған мақалада филиал директоры С.Кенесбаев Елбасының жыл басындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талдай келе, оның барша қазақстандыққа айрықша серпіліс беретіндігін жасырмады.

   «Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің бірде-бір Жолдауында білім беру саласын ескерусіз қалдырған емес. Соның нәтижесінде қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік кеңістікке кірігуге бағытталған өркениеттік даму жолына түсті. Президентіміздің көздегені – елімізде әлем үлгі тұтатындай сапалы бірегей білім беру жүйесін құру. Жолдаулар арқылы бізді осы игі мақсатқа қол жеткізуге бастап келеді»,- дей келе Серік Мұқтарұлы білім берудің жаңа сапасы және мұғалім мәртебесін арттыру мәселелеріне кеңінен тоқталады.

Мақаланың толық нұсқасын «Жетісу» газетінің сайтынан мына сілтеме арқылы оқи аласыздар:

http://zhetysu-gazeti.kz/news/cat-19/2014/

4.png3.jpg5.png6.png2.jpg1.jpg