Шағын жинақты мектептердің сынып-комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі

       2020 ж. 04 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында онлайн режимінде «Шағын жинақты мектептердің сынып-комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі» тақырыбында курс (курс жетекші – Саметова Жайна Хадиронқызы, «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы) басталды. Курс 80 сағатқа жоспарланған, аяқталу мерзімі – 15 мамыр. Курста ШЖМ білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері; сыныптарды комплектілерге​біріктірудің заманауи тәсілдері; ШЖМ​ біріктірілген​ сынып-комплектілерінде пән бойынша оқу материалдарын жоспарлаудың ерекшеліктері; инновациялық білім беру технологияларын шағын жинақталған мектептердің біріктірілген сынып-комплектілерінде тиімді оқытуды жетілдіру құралы ретінде тақырыптары қарастырылды. Сондай-ақ, курстың мақсаты сараланып, ШЖМ-ның оқу-тәрбие үдерісінде кездесетін проблемалар нақтыланып, жоба жұмыстары және оған қойылатын талаптар, оны жазу, рәсімдеу, бағалаудың өлшемдері талданды. Сабақ соңында мұғалімдер кері байланыс берді. Курс өз мақсатына толық жетті деуге негіз бар. Себебі, тыңдаушылар курс барысында өзіндік іс-тәжірибелерімен бөлісіп, белсенділік танытты. Білім алушыларға сәттілік, толағай табыс тілейміз.
6.png1.jpg2.jpg4.png5.png3.jpg