МДҰ-да қашықтан білім беру: үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлері

       «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Алматы облысы Жамбыл ауданы оқу-әдістемелік орталығының ынтымақтастығында 2020 жылдың 30 сәуірінде «МДҰ-да қашықтан білім беру: үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлері» атты МДҰ педагогтеріне әдістемелік көмек беруге арналған (ZOOM конференциясы) онлайн-семинар болып өтті.
       Семинарды Жамбыл ауданының оқу әдістемелік орталығының әдіскері Кожахметова Атиркуль Дуйсемхановна жүргізіп, «МДҰ педагогтерінің қашықтан оқытуда тәжірибе алмасу алаңы арқылы білім берудің сапасын арттыру» жайында баяндады. Сонымен қатар, семинар барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы Туралбаева Алмаш Тұрғанбайқызы педагогтерге әдістемелік көмек беруде «МДББ-де қашықтан оқытудағы субъектілер триадасының (педагог, тәрбиеленуші, ата-ана) іс-әрекеттер жиынтығы» атты диалог-баяндамасын жүргізді.
       МДҰ-да қашықтан оқытудың педагогикалық техникаларын көрсетуде және тәжірибе алмасу шеңберінде КМҚК «Ұлан» балабақшасының тәрбиешісі Рахманбергенова Балнұр Әбілқасымқызы, «Айгөлек бөбекжайы» тәрбиешісі Байжан Ақбота Мархабатқызы практикалық жұмыстардан үзінділер көрсетіп, қашықтан оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастырылу ерекшеліктері жайлы тәжірибе алмасты.
       Семинар барысындақашықтан оқыту жағдайында МДҰ-да ата-аналар және әр жастағы тәрбиеленушілермен атқарылатын іс-әрекеттер жиынтығы талқыланды, жұмыс жүргізу бағыт-бағдары көрсетілді.
       Онлайн-семинардағы қашықтан оқытудағы практикалық жұмыстарды үйлестіру бойынша МДҰ педагогтерінің ақпараттық-технологиялық кәсіби құзыреттіліктері артты.
3.jpg1.jpg5.png2.jpg4.png6.png