Қашықтан оқытудағы тәжірибе алмасу алаңқайы

        «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Алматы облысы Текелі қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ынтымақтастығында  2020 жылдың 5 мамырында қалалық бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беруге арналған «Қашықтан оқытудағы тәжірибе алмасу алаңқайы» атты вебинар (ZOOM конференциясы) ұйымдастырылды.
       Вебинарды  Текелі қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Калыгулова Нурсулу Бексултановна жүргізді.
       Вебинарда қарастырылған сұрақтар: қашықтан оқытуда оқушылардың білім сапасы; кері байланыс түрлерінің тиімділігі; оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы тапсырмалар; кешенді бағалау; қашықтан оқыту кезінде оқушының активі, ата-ананың активі, мұғалімнің активі; oқушылардың белсенділігін қимыл, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық тұрғыдан арттыру  жолдары; kundelik.kz-ке материалдарды жүктеу және т.б.  
       Аталмыш конференцияда спикер болған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы Туралбаева Алмаш Тұрғанбайқызы педагогтерге әдістемелік көмек беру үшін «Қашықтан оқыту жағдайында баланың қабілетін дамыту жұмыстары» атты демонстрация материалымен бірге сұрақ-жауап комментарийлерін ұйымдастырды.
       Сондай-ақ, елімізге танымал практик-ғалымдар спикер ретінде әдістемелік көмек берді. Атап айтсақ,  Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.д. А.Е.Жұмабаева, п.ғ.к. доцент А.Д.Рыскулбекова және т.б.
       Вебинар қорытындысында Текелі қаласының бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерінен скриншоттар демонстрациялап, негізгі сұрақтарға әдістемелік көмек ретінде жауап алды.
2.jpg6.png4.png5.png3.jpg1.jpg