Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында пәндерді оқыту ерекшеліктері

       Білім беруді жаңғырту жағдайында мұғалім негізгі тұлға болып табылады. Шағын жинақты мектеп мұғалімінің кәсіби құзыреттілігіне сабақтарды педагогикалық тұрғыдан мақсатқа сай ұйымдастыру және әртүрлі деңгейлі дайындығы мен қабілеті бар оқушылардың аз санымен жұмыс істеу әдістемесін меңгеру жатады.
       Білім беру саласының қашықтықтан оқытуға көшуіне байланысты 2020 жылдың 13 мамыры күні Ұйғыр ауданы шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің сұранысына орай «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Л.Ж.Орманбекованың қатысуымен «Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында пәндерді оқыту ерекшеліктері» тақырыбында онлайн режимінде вебинар болып өтті. Вебинар жұмысына ауданның 12 мұғалімі қатысты. Іс-шара барысында шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің бағыты мен ерекшеліктері туралы айтылып, өзекті мәселелер сөз болды. Сұрақтар қойылып, пікір алмасу болды.
       Білім беру мазмұнын жаңарту - шағын жинақты мектеп мұғалімдері үшін үлкен сын және елеулі сынақ. ШЖМ педагогінен жауапкершілік, ұтқырлық, сыныптың аз толымдылығы жағдайында жаңа әдістемелерді қолдана білу талап етіледі.
       Вебинар барысында аудандағы шағын жинақты мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы проблемалар анықталды:
- толымдылығы аз сыныптарда дәстүрлі оқыту әдістемелерінің басым болуы;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімсіз пайдалану;
- оқушылардың аз контингентіне байланысты бейіндік оқытуды сапалы ұйымдастыру мүмкіндігінің болмауы.
       Вебинар барысының қорытынды кезеңінде аудан бойынша ШЖМ мәселелерімен off-line режимінде (күн сайын), сондай-ақ, on-line режимінде білікті кеңес алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ресурстық тірек мектепті анықтап, жүйелі жұмыс жасау керектігі айтылды.

  

Латтарова Альбина Абуловна,
Ұйғыр аудандық білім бөлімі
әдістемелік орталығының әдіскері
4.png1.jpg3.jpg5.png6.png2.jpg