Шағын жинақты мектепте біріктірілген сынып-комплектілерде пәндерді оқыту әдістемесі

              

       «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Шағын жинақты мектепте біріктірілген сынып-комплектілерде пәндерді оқыту әдістемесі» тақырыбында Он-лайн режимінде екі апталық курс басталды. Курс жетекшісі – Саметова Жайна Хадиронқызы, Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы. Курс YouTube платформасында өтіп жатыр. Курсқа Жамбыл, Кербұлақ, Қаратал аудандарыннан 24 мұғалім қатысуда. Тыңдаушылар ШЖМ білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, оқу материалдарын жоспарлау, сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастыру әдістемесі, біріктірілген сынып-комплектілерінде пәнаралық кіріктіріп оқыту, т.б. тақырыптарда дәріс тыңдауда. Сондай-ақ, тыңдаушылар курс барысында 5 модуль бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамытады.
       Алматы облысының шалай ауылдарындағы оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін, олардың эмоционалдық, танымдық, жауапкершілік, толеранттық, Отансүйгіштік сапаларын қалыптастыруда шағын жинақты мектептерде сабақ беретін пән мұғалімдерінің еңбектері зор екендіндігін айта кеткіміз келеді. Алыс ауылдар толығымен әлі де ғаламтор желісімен қамтамасыз етілмесе де, мұғалімдердің біліктіліктерін арттыруға деген құлшыныстары қуантады. ШЖМ-дің курс тыңдаушыларына сәттілік, шығармашылық ізденіс, табыс тілейміз!
6.png5.png4.png1.jpg2.jpg3.jpg